Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі еңбектерінің екінші томының тұсаукесері
19 қыркүйек А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында КМҰТП-ның жиырма жылдығына орай шығарылған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі еңбектерінің екінші томының тұсаукесері өтті.
Толығырақ...USAID ЖӘНЕ ABA ROLI ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕССІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕТУДЕ
13 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын, Америка заңгерлер қауымдастығының заң үстемдігі бастамасы (ABA ROLI) жүзеге асыратын Құқық үстемдігі бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) Азаматтық қоғам істері комитетімен ынтымақтастықта, Қазақстанда заң шығару процесінің құқықтық негіздері бойынша семинар өтті.
Толығырақ...«Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты көрме-байқауын өткізу бойынша ЕРЕЖЕ
Жалпы ереже
«Әлем таныған Әуезов» суретшілер байқауын өткізу Ережесі оның мақсатын, міндеттерін, форматын және өткізу тәртібін айқындайды.
Толығырақ...Отбасым – алтын ұям
Елін сүйер сеніңіз, Өз отбасын сүйе алған.
Қ. Аманжолов
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орай «Отбасым – алтын ұям» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Отбасы – адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқанда қарсы алатын жылы ұясы. Белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы.
«Ақын. Ғалым. Патриот»: Дүкен Мәсімханұлымен кездесу
2022 жылдың 8 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен қытайтанушы-ғалым, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының, Дүниежүзі синологтар қоғамының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлымен кездесу өтті.
Толығырақ...Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 25970803
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102 |