homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет

Дала өркениеті: түп тамырынан қазірге дейін

Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту –
еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
Н.А. Назарбаев

12 желтоқсан 2018 жылы сағат 15.00-де кітапхана қала қауымдастығы, педагогикалық және шығармашылық интеллигенция, студенттер мен оқушылар, яғни, туған елінің тарихын танып-білгісі келетін жандарды «Дала өркениеті: түп тамырынан қазірге дейін» атты ауқымды әдеби композицияға шақырады.
Кітап көрмесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Экспозицияның барлық бөлімдері бір-бірін толықтырып, үлкен ақпараттық кеңістікті құрайды.
Көрмеден Ұлы даланың ұлы адамдары туралы ғұмырнамалық зерттеу «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» 2-томдық анықтамалығы, И. Дабаевтың «20 век: портреты выдающихся деятелей», «Хранители Великой степи» очерктер сериясы, көшпелі өркениеттің технологиялық дамуы туралы П. Косинцев және З. Самашевтің «Материалы и исследования по археологии Казахстана. Том V», «Древняя бронза Казахстана», Қазақстанның көне алтыны = Древнее золото Казахстана = THE ANGІENT GOLD OF KASAKHSTAN, «Страна Великой степи» кітаптары орын алады.
Сонымен бірге, далалықтардың мәдени және рухани мұрасы туралы (Шалабаева Г. К. «Казахстан: от древних цивилизаций к современности», «Казахская традиционная культура в собраниях кунтскамеры»), Ұлы Жібек жолы және соңғы жылдардағы тарихи жәдігерлер туралы кітаптар (Махаева А. Ш. «Ұлы Жібек жолы», Байпаков К. «Великий Шелковый путь на территории Казахстана») ғалам тарихындағы Ұлы Дала тарихына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді....
Көрмені А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың дерекқорлары толықтырады. «Біздің Абай»/«Наш Абай» электронды кітапханасы және цифрлық өркениетке көшу жағдайында танымал тұлғалар туралы білім беретін «Шығыс Қазақстан: танымал есімдер» дерекқорының тақырыптары Елбасы мақаласының түйінді бағытының бірімен үндесіп тұр.
Кітапханаға келіп, тарихи-танымдық көрмемен танысыңыздар! Кітапты ашып Елбасының ойлы сөздерін оқыңыздар! Ол сіздерді жаңа білім алуға, жаңалықтар ашуға жетелейді!
Іс-шараның медиялық міндеті: Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы білімді насихаттау, жалпыұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
 
Байланысшы: Бактыбаева Анар Ермековна,
8(7232)261-333
 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25948243
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session