homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостей«Ақеділ ақын ...» - ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ақеділ ақын ...» - ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші

2017 ж. 19 сәуір сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Күршім ауданының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші өткізіледі.

Ұстаз тарихшы, ақын Советхан Қалиғожиннің тарихи шығармалары мен ақық жырлары жас ұрпақты елін-жерін құрметтеуге тәрбиелейтіні сөзсіз. Әсіресе, ақын ағамыздың ел қорғаны болған батыр Көкжарлы Көкжал Барақ, Күркебай мерген, Жаман батыр, Ақнайман елін отыз жыл басқарған Омар болыс жайында жазғандары танымдық тұрғыда маңызды еңбектер.
Сондай-ақ, Советхан ағамыз әзіл-сықақ пен табиғаттың тылсым сырларына да үңілген қаламгер. Соған орай, шығармашылығының жанры да әр-түрлі болып келеді. Автордың «Тәрбие тарландарына тарту» (2010), «Өрнектелді өлең боп, өмірдің кейбір тұстары» (2012), «Нар найман саңлақтары», «Көкжарлы Қаратай батыр» (2014), «Білгің келсе, күлгің келсе» (2016) т.б. кітаптары бар. Өлеңдері, өзекті  мақалалары мен сатиралық шығармалары облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланады. Осы шығармалардың арасынан «Нар найман саңлақтары» кітабы ерекше орында. Кездесуде кітапқа алғы сөз жазған қарымды журналист, жерлесіміз А. Қасымов сөз алады және Советхан ағамыздың шәкірті, жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Асқар Алтайдың онлайн құттықтауы болмақ.
Қалиғожин Советхан-аға «Күршім елі» гимнінің авторы ретінде де кеңінен танымал. Осы гимн және басқа да орындалатын әуендер кештін ажарын ашады. Кезінде айтыс өнеріне де қатысқан Советхан аға шахмат, бильярд ойындары жарыстарында бірнеше мәрте жүлделі орынға ие болған.  Сондай-ақ, қазіргі күні ұмытыла бастаған мандолина аспабында да шебер ойнайды.  
Кездесуге Советхан-ағаның шәкірттері, жергілікті қаламгерлер, жерлес кәсіпкерлер, жырсүйер қауым қатысады.

                   Байланысшы: Сақыбаева Ш. Н., тел. 261333, ішкі 123

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26055979
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102