homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейБіздің балаларға арналған кітапхана
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Біздің балаларға арналған кітапхана

Баланы қалай кітаппен достастыруға болады? Қалайша кітапхананы білім алу мен қарым-қатынас орнына айналдыруға болады?
Осы және басқа да қызықты сауалдарға кітапханада өтіп жатқан шығармашылық шеберханада біздің кітапханашылар Ленинград облыстық балалар кітапханасының бас маманы Степанова Людмила Валентиновамен бірге жауап іздеуде.

Біздің кітапхана мен Ленинград облыстық балалар кітапханасы «Қазақстан-Ресей. Шексіз оқулар» бірлескен жобасы аясындағы қызметтестігін жалғастыруда. Осы жоба шеңберінде бүгін мектеп кітапханашылары балаларды кітап оқуға тарту тақырыбында шығармашылық зертханада бас қосуда.
Заманауи кітапхана қалай болу керек деген сауалға Людмила Валентиновна былай деп жауап берді:
- Қазіргі заманғы кітапханаға келген әрбір оқырман өзін ыңғайлы сезіну керек. Қазіргі заманғы кітапхана ол – әрбір пайдаланушы таңдау еркіне ие кітапхана. Сондай-ақ, заманауи кітапхана кез-келген жастағы оқырманның білім алып, жеке басының дамуына қолдау көрсету керек. Қазіргі заманғы кітапхана ол оқырманның келешегі. Кішкентай оқырмандармен жұмыс істейтін маман ретінде айтарым кітапхана балалар үшін олардың қабілетін дамытатын ыңғайлы орын болуы керек. Ал, біздің балаларымыз жаңа ақпаратты игеріп, зияткерлік орта құруға өте қабілетті . Заманауи кітапхана ол ең біріншіден, кітапханашы деп айтар едім. Кітапханашының негізгі кәсіби сапасы – әдеби мәдениеті. Қазақстан кітапханашыларымен қосылып бірге үздіксіз, шексіз кітап кеңістігін құрсақ керемет болар еді. Біздің балалар, жасөспірімдеріміз өзін-өзі тануға, айналасына зер сала қарап, естеліктері, білімі мен эмоцияларын жинауға мүмкіндік алуы керек,. Ақпаратты жинап, жылдам беріп қана қоймай алған білімдерін жатқа жинақтау. Және де, біздің өз күш-жігерімізбен құрылған осы әдеби үдеріс балаларға әсіресе жасөспірімдерге басқа адаммен диалог құруға мүмкіндік туғызса.
Себебі, біздің балаларымыз негізгі тамаша қасиеттерінің бірі айтуға және өздерін тыңдатуға, ұмтылу яғни, бұл диалог құрудың негізі болып табылады. Кітапханашылардың әдеби мәдениеті осы оқырмандарымыздың, әдебиет кеңістігіндегі диалог құруға деген тілегін жүзеге асыруға мүмкіндік берсе. Міне, бұл біздің жобамыздың негізгі идеясы.
Ертең, шығармашылық зертхана жұмысын жалғастырады. Бағдараламада: «Детская книга как событие» шеберлік сыныбы, ресейлік жазушы, баспагерлермен онлайн-кездесу, жекелеген топтарда интерактивті жұмыс.

xntybt 1 xntybt 2 xntybt 3 xntybt 4 xntybt 5 xntybt n6
 
Жансая Ашкенова ,тел.:261 333,3 ішкі.:119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26329997
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102