homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетКітапхана
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. 

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы
 
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы                                   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. 

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Толығырақ...

 

 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ЕлтаңбасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Толығырақ...

 
Мемлекеттік Әнұран

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Толығырақ...

​ 

EXPO-2017 қарсаңында

bandeau expo2017

 

"Баламалы энергия көздері. Германияда жасалған" технологиялық көрмесі

 

4 сәуір сағ. 11.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының мәдениет пен баспасөз мәселелері жөніндегі атташесі Элизабет Рихтер ханымның қатысуымен көрменің салтанатты ашылуы өтті.
«Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін EXPO 2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі Астана қаласында ұйымдастырылғандықтан, Германияның Астана қаласындағы Елшілігі Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның сегіз қаласында «Renewables. Made in Germany» технологиялық көрмесін ұсынады.
DENA Германия энергетикалық агенттігімен әзірленген көрме материалдары сенімді де экологиялық электрэнергиясы мен оны пайдалану келешегіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңартылған энергия көздерінің техникалық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Аталған көрме 4-10 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласы әкімдіктерінің қолдауымен А.С.Пушкин атындағы кітапханада ұсынылады.

 

EXPO-2017 жастар көзімен

2 наурыз күні кітапханада "Сұхбат" интеллектуалды жастар клубының жаңа маусымы ашылды. Кездесуіміздің тақырыбы жаңа технологиялық  жетістіктерді жариялайтын ЭКСПО-2017 халықаралық  дүниежүзілік көрмеге арналды. Отырыс басында клубқа қатысушылар көрме тарихы жөнінде және оған қатысқан әртүлі елдердің павильондарынан мағлұмат беретін бейнематериалдарды тамашалады. Жастар халықаралық көрме жөнінде қызығушылық танытып әрқайсысы өз ойларын ортаға салды. Талқылау барысында ЭКСПО-ны өткізу пайдалы ма? Көрмеден қалған нысаналарды қайтпекпіз? Оның мақсаты мен мұраты қандай? Ауқымы қандай? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?.. деген сияқты сұрақтар туындады.  Алайда жастар бірауыздан аталған үлкен шараның пайдалы жағын қарастырып, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деген зор сенімдерін білдірді. Мәселен, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып, олардың жұмыс істеу принціптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта қалай дамып бара жатқанына куә боламыз. Сондай-ақ 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға мүмкіндік туады. Көрмеге келген қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басысын бұрып, Қазақстанның жарнамасын жасайды. Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын емес, инвестиция ретінде қарауымыз керек деген пікірлерін білдірді. Ендігі біздің міндет осындай белсенді жастардың жағымды ойларын қолдап, көрменің сәтті өтуіне жұмыла атсалысып халыққа насихаттауымыз керек.
 

EXPO-2017 ақпараттық семинары

22 ақпан күні кітапханада Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ информатика және энергетика факультетінің 2-3 курс студенттері мен жетекшілері Р.К. Нұрсадықованың қатысуымен “EXPO-2017” Халықаралық көрмесіне арналған ақпараттық семинар өтті.

Көрменің басты тақырыбы - "Болашақ энергиясы". Бүгінгі шараға қатысып отырған студенттер “EXPO-2017” көрмесін өткізуге ат салысатын болашақ мамандар. Оларға берілген ақпарат қызығушылық тудырып, "жасыл" энергияның берер пайдасы, Шығыс Қазақстанда қолданылуы жайында үлкен пікірталас тудырды. Алдағы уақытта студенттер осы тақырып бойынша өздерінің жобаларын қорғап, талқылап, ой бөлісу мақсатында бұл іс-шараны жалғастырамыз деп тарасты.

 

EXPO сабақтар

EXPO-2017 көрмесін өткізудің Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? – Америка мәдени орталығында өткен медиа-оқуда 4 мектептің жоғарғы сынып оқушылары осы сауал төңірегінде ой өрбітті. 

Дәрісте оқушылар ЭКСПО тарихынан, сондай-ақ, бұл Халықаралық көрмеге Қазақстанның қатысуы туралы көптеген қызықты ақпараттармен таныс болды. Әсіресе балаларға "ЭКСПО-2017. Астана" бейнепрезентациясы қатты ұнады. Олар еліміздің бас қаласының бес жылда қаншалықты өзгеретінін, Халықаралық көрмеге ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың қандай тосынсыйлар әзірлегенін біле алды.
Балаларды: Бұл көрме не себептен өткізіледі? Оны өткізуге қанша қаржы кетеді? Көрмеге кез-келген адам қатыса ала ма?, деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Сабақ соңынан балалар ТМД және Орталық Азия елдерінде өткізілетін тұңғыш Халықаралық көрмеге барлықтары баратын болып бір ауыздан шешім қабылдады.

 

Бәрі де EXPO жайында

Популярно об EXPO 13 ақпанда кітапхананың ЭКСПО-17 көрмесіне арналған бағдарламасының тұсаукесері өтті. "Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ", - деп Елбасымыз айтқандай, бұл ат салысуға Пушкин кітапханасы да кірісіп кетті. Кітапхананың басты мақсаты – барлық санаттағы тұрғындарға осы көлемді іс-шара жайында ақпарат беру.

Тұсаукесер екі залда мемлекеттік және орыс тілінде өтті. Жиналған қонақтар қатарында: ұстаздар, оқытушылар, оқу орындары директорларының орынбасарлары, мәдениет қызметкерлері, ғалымдар, экологтар мен журналистер болды.
Тұсаукесер екі залда мемлекеттік және орыс тілінде өтті. Жиналған қонақтар қатарында: ұстаздар, оқытушылар, оқу орындары директорларының орынбасарлары, мәдениет қызметкерлері, ғалымдар, экологтар мен журналистер болды.
Тұсаукесер барысында ЭКСПО тарихы және Қазақстанның осы Халықаралық көрмеге қатысуы жайында мәлімет берілді. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларды сайттағы осы тақырыпқа арналған парақшамен таныстырды www.pushkinlibrary.kz.
"ЭКСПО-2017. Астана" бейнепрезентациясы ерекше ықыласпен тамашаланды. Қатысушылар астанамыздың келбеті бес жылда қаншалықты өзгеретінін, ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар мен дизайншылардың Халықаралық көрмеге қандай тосынсыйлар әзірлегенін біле алды. Қазақстан тарихындағы осы ірі оқиға – ғылыми әрі шығармашылық ойдың жаңа айналымын сомдап, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму беделін жаңғыртары сөзсіз. Бұл орайда: "Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және "жасыл" технологиялар алуда аса зор мүмкіндік", – деген Президентіміздің сөздері де орынды.

​ 

EXPO әдебиеті

 

Из фонда Пушкинки

(Мақала мен кітап үзінділерінің электронды жеткізілімі қажет болса, ҚЭЖ қызметіне хабарласыңыз)

 

Кітаптар:

Интеллектуалды экономика - XXI ғасырдың технологиялық жаңғыруы [Мәтін] / С. Ю. Глазьев, О. Сәбден, А. Е. Арменский, Е. А. Наумов. - Астана : Елорда, 2011. - 400 б.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансы [Мәтін] : 2003-2007 / Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. - Астана : Қазстатақпарат, 2008. - 116 б.

Омарәлиев Т. О. Мұнай мен газдан отын өндіру арнайы технологиясы [Мәтін] / Омаралиев Т. О. - Астана : Фолиант, 2005. - 360 б.

Түзелбаев Б. И. Электр энергетикасы саласында реттеу механизмдерін жетілдіру (электр желілері компанияларының деректері бойынша) [Мәтін] : экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Түзелбаев Б. И. - Алматы : Б. ж., 2006. - 24 б.

Вальтер, Дитрих. Жасыл бизнес [Мәтін] / ғылыми ред. басқарған Ә. Ә. Әбішев. - Алматы : Экономика, 2011. - 270 б.

 

Мақалалар:

Жағыпарұлы Ж. Болашақ энергиясы [Текст] / Жағыпарұлы Ж. // Егемен Қазақстан . - 2012. - 27 наурыз (№ 121/122). - 8

Әліпбай, Сұңғат. Үнемдеу мен баламалы көздерді іздестіру [Мәтін] : Шығыс Қазақстан энергетикасының басты бағытына айналды / С. Әліпбай // Егемен Қазақстан. - 2009. - 20 наурыз.- Б.3.

Глибин Г. Энергияның маңызды саласы [Мәтін] / Г. Глибин // Дидар. - 1993. - 21 қазан.- Б.

Жағыпарұлы , Жылқыбай. Энергетикалық қауіпсіздік: қазақстандық қадамдар [Мәтін] / Ж. Жағыпарұлы // Егемен Қазақстан. - 2009. - 13 мамыр.- Б.4.

Сахариев Е. Бізге қуат көзінің тиімдісі қажет [Мәтін] / Сахариев Е. // Қазақстан - ZAMAN . - 2007.- 2 ақпан (N 5). - 5

Кәпқызы Е. АЭС: әлем алаңдауда. Ал Қазақстан бас тартпайды... [Мәтін] / Кәпқызы Е. // Түркістан . - 2011.- 24 наурыз (№ 12). - 1,4

Суханбердин Х. ХХІ ғасырдың қайтарымды балама қуат көздерін игеру - кезек күттірмейтін іс [Текст] / Суханбердин Х. // География және табиғат . - 2011. - № 4. - С. 60-61 б.

Жоямергенқызы Н. Баламалы энергетика - өте өзекті [Текст] / Жоямергенқызы Н. // Түркістан . - 2012. - 4 қазан (№ 40). - 4

Жағыпарұлы Ж. Адамзат ертеңі - "жасыл энергия" [Текст] / Жағыпарұлы Ж. // Егемен Қазақстан . - 2012 . - 7 желтоқсан (№ 807-808). - 4

​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338067
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102