Көк тудың желбірегені»: ақын Алмас Ахметбекұлымен онлайн кездесу
3 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне орай А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлымен онлайн кездесу өтті.
Алмас Ахметбекұлы өткен ғасырдың 80-жылдарында поэзия әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын. 1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982 Іле педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды. Қоғам қайраткері, ШҚО Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» Алмас Ахметбекұлы бірнеше жыр жинақтарының авторы. Ақынның өлеңдерінің басым бөлігі патриоттық тақырыпта.
Автордың елге, жерге деген сағыныштан жұдырықтай жүректі жарып шыққан алты шумақ өлеңі, «Көк тудың желбірегені» - рухты оятатын нағыз патриоттық ән, Отанға деген сүйіспеншілік пен тілектестіктен туған туынды.
Бұл ән 1999 жылы шыққан. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін әннің әуенін жазған - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші Ермұрат Зейіпхан.
«Бұл өлеңге бірнеше ән жазылды. Кейін өзім ақын-сазгер, опера әншісі Ермұрат Зейіпханұлына өлеңге ән жазып беруін сұрадым. Сазгер әннің екі нұсқасын жазды. Екеуін де тыңдап, ұнатқан нұсқасын қалдырдық. Алғаш рет сахнаға «Көк тудың желбірегені» әнін әнші, отандық опера жұлдызы Майра Мұхаммедқызы орындап шықты. Қазір Ибрагим Ескендір нақышына келтіріп орындап жүр.
Кемешева Меруерт, 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26344626
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы