homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет«Ұлттың ұлы ұстазы» онлайн форсайт-форум

«Ұлттың ұлы ұстазы» онлайн форсайт-форум

Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 22 қыркүйек күні Zoom – платформасында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты республикалық онлайн форсайт-форум өтті.

Форсайт-форум қонақтары: А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, «Ономастика» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Пашан Дана Мұсабекқызы; Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» КММ-сі басшысы Сәрсекей Гүлбану Қулетқызы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бияров Бердібек Нұралдаұлы; С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы Картаева Айжан Маратбекқызы; «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған белгілі киноактер, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Байғали Есенәлиев және т.б.
Форум барысында ахметтанушы, филолог, тарихшы ғалымдар Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық, шығармашылық жолы мен ұлтының азаттығы, жерінің тұтастығы жолындағы ерен қызметіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Қостанай облысындағы А. Байтұрсынұлына арналған мұражайға виртуалды экскурсия жасалынып, «Ахмет. Ұлт ұстазы» тарихи драмалық телехикаясы түсіріліміндегі Ұлт ұстазының образын сомдау жайында әңгімеленіп, спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен әдебиетінің, қазақ журналистикасының негізін қалаушы, қазақ жазуының реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы, ақын, аудармашы, педагог, ағартушы ғалым, Алаштың рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасы мен мұрасын дәріптеп, насихаттау баршамыздың парызымыз!

forum 1 forum 2 forum 3 forum 4

 


Байланысшы: Кемешева М.Н., т.:26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 24914330
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session