homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет«Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» TEDх форматындағы интеллектуалды стендап

«Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» TEDх форматындағы интеллектуалды стендап

2022 жылғы 21 қазан күні сағат 16.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай «Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» атты TEDх форматында интеллектуалды стендап өтеді.

Стендапқа қатысушы спикерлер: Жүнісов Данияр Базаралыұлы – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясаты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басқарамасының басшысы; Еміл Әли Талғатұлы – «Oskemen debat» қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы, ТМД-ның 2022 жылғы үздік студенті, 2021 жылы қала әкімі Жақсылық Омардың жыл сайынғы «Алау» байқауының «Үздік көшбасшы» номинациясының жеңімпазы, ҚР Жастар саясатына қосқан үлесі үшін «Алтын төсбелгі» иегері, Өскемен қаласы әкімдігінің волонтерлік фронт-офис жетекшісі, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының «Оқу орындар және жастар ұйымдарымен жұмыс» секторының маманы, «ӨС» Жастарды қолдау және дамыту» орталығының жетекшісі, 6 жылдық пікір-сайыс тәжірибесінде қала, облыс деңгейіндегі жеңімпаз; Дегдаров Нұржан Ержанұлы – «Панем» еріктілер клубының жетекшісі; Бейсенғазықызы Айым – «Шабыт» студенттік театрының директоры; Сәрсенбаев Жігер – «Жалын» лидерлік дебат клубының негізін қалаушы, «Алаш ұрпақтары» интеллектуалды пікір-сайыс клубының аға буыны, қала, облыс деңгейіндегі чемпион, «Oskemen debat» қауымдастығының бас ұйымдастырушысы; Әзімхан Әкімжан – «Мұғалім» жобасының стипендия иегері «Ділмәр» дебат клубының аға буыны, «Жастар рухы» ұйымының экс төрағасы, VI-сьезд делегаты, Аманжолов университетінің - Парламент мүшесі; Айдана Нұрланқызы – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің қабырғасындағы өзінің TEDх форматындағы жоба бастамашысы; Аманжолова Дариға Дәулетқызы – Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы, American Corner Эко-клубының мүшесі; Тоқтарғалиев Айбек – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің белсенді студенті, SKY CINEMA жобасының негізін қалаушы, жас кәсіпкер; Нұралдинов Жандос Дидарұлы – Қайнар қоғамдық қорының жетекшісі.
Зияткерлік стендапта спикер болып, өз жетістіктерімен бөлісемін деген жастар кітапхананың This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына өтініш қалдыруларына болады.
Мотивация аламын деген, белсенді жастардың әрекетіне қызығушылық танытушылардың барлығын шараға қатысуға шақырамыз!

 

Байланысшы: Құдайбергенова Н. К.
Тел.: 87055412525

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25984908
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session