homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАрхив новостейБҰҰДБ қорытындылары
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

БҰҰДБ қорытындылары

10 желтоқсанда сағат 13.00-де  кітапханада «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктері: ШҚО тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.  Отырысқа мемлекеттік өкімет өкілдері, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қызметкерлері және оның басқа облыстардағы серіктестері қатысады. Сондай-ақ, қатысушылар арасында Қызылорда, Маңғыстау өңірлерінен кәсіпкерлер Палатасының өкілдері де бар.

Дөңгелек үстел отырысының Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан кейін өтуі кездейсоқ емес. БҰҰДБ-ның Шығыс Қазақстан облысында қызметі  «Инновациялық тәсілдерді аймақтық жоспарлауға енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы аймақтың бәсекелестігін көтеру (Семей аймағының мысалында)» БҰҰ Бірлескен бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ал бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін жақсарту сияқты Жолдаудың басты мақсатына жауап береді.

Дөңгелек үстел барысында  БҰҰДБ-ның 2011-2015 ж. ж. біздің облысымыздағы қызметінің қорытындысы ұсынылады. Шағын бизнес өкілдері,мемлекеттік емес ұйымдар, білім беру және мәдениет мекемелерінің  директорлары сөз алып, БҰҰДБ-мен бірлесе іске асырған жобалары туралы әңгімелейді. Серіктестік нәтижесінде өз жұмыстарында қандай өзгерістер болды, жекелеген адамдар өміріне, олардың тұрмысының жақсаруына қандай көмегі тиді? Дөңгелек үстел осы тәрізді сауалдарға жауап беріп, болашақтағы облыс әлеуетінің дамуына арналған өз ұсыныстарын ортаға салады.

БҰҰДБ қызметінің біздің облысымыздағы жетістіктерінің нәтижесі ретінде гранттық бағдарламаларға қатысқан кәсіпкерлердің өнімдерінен арнайы көрме ұйымдастырылады. Тілек білдірушілер лотерялық билеттер алып, көрмеден өнімдердің бірін ұтып ала алады немесе ұнаған өнімді сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26332832
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102