"Үздік кітапханашы-2016 " - жеңімпаздар марапатталды
Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өздерінің төл мерекесін 2013 жылдан бастап атап өтіп келеді. Қазақстанға мұндай кәсіби мереке аса қажет болды. Мұның өзі қазіргі қазақ қоғамының тыныс–тіршілігінде мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің алар орны айырықша екенін көрсетуде. 18 мамырда Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында 2016 жылы жақсы істерге ұйтқы болып, облысымыздың мәдениеті мен өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан үздік мамандарды марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтті.
«Үздік кітапханашы-2016» аталымында бірінші орындыӨскемен қалалық кітапханасы №6 филиалының меңгерушісі Марина Тельманқызы Байсарина иеленді. Ол жергілікті тұрғындардың кітап оқу белсенділігін арттыру, оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында атқарған жұмыстары арқылы іскерлігімен көзге түсті. Қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін заманауи ақпараттық технологиялармен ұштастырып, ұтымды пайдаланды. Марина Тельманқызының ұйымдастыруымен өткен «Птица на флаге Казахстана» интеллектуалды ойын, А.М.Волковтың шығармасы бойынша «Путешествие в Изумурудный город» электронды ойын тұсаукесері,«Юбилейное ожерелье» ойын көрмесі, «Открытия нас ждут» тосынсый көрмесі және басқа да іс–шаралары көпшіліктің көңілінен шықты. Балалармен, жастармен тарихи-танымдық қызықты кездесулер өткізді. Өзі ұйымдастырған ісінің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлді. Оның осындай жемісті қызметі туралы мақалалар бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланды. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мәрияш Кәдірбекқызы Дюсекеноваға кітапханаға оқырманды тартудағы жаңашылдығы, мәдени мұраны сақтап насихаттаудағы белсенділігі үшін екінші орын берілді.Мәрияш Қәдірбекқызы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» атты тарихи жобасын жүзеге асырып, «Құрмет кітабына» өлке тарихы және қоғам өміріне белсене қатысқан жерлестері туралы 500-ге жуық мәлімет жинақтады. «Бабаның ізі қалған» атты бейне ролик түсірді. «Мен қазақ деген ер едім...» атты патриоттық жырлар бәйгесін, онлайн сабақтар өткізді. Барлық іс-шараларда Интернет ресурстарын кеңінен қолдана білді. Атқарған істері жөнінде «Тарбағатай», «Семей таңы» газеттерінде 25-тен аса мақаласы жарық көрді. Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы Наталья Александровна Сюксяева үнемі шығармашылық ізденісі үшін үшінші орынға ие болды. Кітапхана Интернет желісіне қосылмағанына қарамастан жергілікті
мұғалімдермен тұрақты байланыс орнатып, мектептің Интернет желісін және компьютерлік құрылғыларын өз жұмысында шеберлікпен пайдалана білді. Интерактивтік ойындар мен конкурстарды жобалап, ауыл тұрғындарын қатыстырып, өткізіп отырды. Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Күлшат Тілеубайқызы Қалиеваға ынталандыру сыйлығы мен диплом тапсырылды. Ол балалар мен жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруда көп еңбек сіңірді. Сондай–ақ, ақпараттық технологияны өз жұмысында кеңінен қолданды. Шемонаиха қалалық кітапханасының бас кітапханашысы Ирина Константиновна Санарова да бұқара-көпшілік арасында бос уақытты тиімді өткізудің сан-қырлы қызметін ұдайы қамтамасыз еткені үшін ынталандыру сыйлығы мен дипломға ие болды.Сол күні жиналған қауым жеңімпаздардың жеткен жетістіктері мен еселі еңбектерінеыстық ықылас білдірді. Ал әншілер мен бишілер де сахна төріне шығып өз өнерлерін кітапханашыларға арнады. Алдағы уақытта да үнемі ізденіс үстіндегі кітапханашылар қоғам өміріне белсене қатысып, жақсы бастамалардың жаршысы бола бермек.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы