Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел – бір кітап» акциясына арналған кезекті іс-шара «Ұлдарға арналған Алтай-пансионат» қайырымдылық мекемесінде өтті. Кітапхана қызметкерлері Емельбаева М., Қыдыралинова Н., Қуатбек Б. интернат тәрбиеленушілерімен биылғы жылы ел болып оқылып жатқан авторлардың шығармаларын талқылады. Оқушылар Ш. Құдайбердіұлы, Б. Момышұлы, Н. Келімбетов жайлы білетіндерімен бөлісіп, кітаптардан үзінділер оқыды, деректі фильмдер тамашалады. Авторлар жайлы жинақталған танымдық, қызықты материалдар олардың осы тақырыптағы білімдерін толықтыра түсті. Б. Момышұлының өздері білетін басқа да шығармалары жайлы ойларын ортаға салды. Ұстаздары мұндай пайдалы ақпаратты кездесуді кітапхана қабырғасында да жалғастырса деген тілектерін білдірді.

0HfKMuY3Gas zrT5 uKwEQ8