Виртуалды қосымша

Вирт. продленка слайдер каз 1

Пушкин кітапханасындағы виртуалды қосымша көмек

Виртуалды қосымша көмек – мектептегі қосымша тапсырмалар: кластер, эссе, реферат, жоба, шығармашылық жұмыс және т.б. бойынша ақпарат іздеуге көмектеседі. Тапсырыстар 5-9 сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздардан да қабылданады.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
- Қосымша көмек дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 -18.00 дейін жұмыс істейді.
- Тапсырысты This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жібересіздер;
- Оқушының үй тапсырмасының нақты тақырыбы бойынша Сіздің өтініміңізге кітапхана қызметкерлері қажетті әдебиеттер, газет пен журналдардан алынған материалдарды, интернет-ресурстарды іріктеп, жібереді.
- Виртуалды қосымша көмек - кітапхананың ақысыз қызметі.

ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
- Әдебиеттер тізімі;
- Ақпаратты өз бетімен алу үшін Интернет желісіндегі дереккөзге сілтемелер тізімі;
- Сандық нұсқаға көшірілген кітап көшірмесінің 30% немесе мерзімді басылымнан алынған мақаланың толық нұсқасы;
- Жауап электронды поштаға жіберіледі
- Орындау уақыты тапсырыстың күрделілігіне байланысты.

Кітапханашылар баланың үй тапсырмасы үшін алған бағасына
жауап бермейді.

ВИРТУАЛДЫ ҚОСЫМША КӨМЕК НЕНІ ОРЫНДАМАЙДЫ?
- реферат пен шығарма жазбайды;
- мектеп жобаларын жасамайды;
- математика, физика, химия және т.б. пәндер бойынша есеп шығармайды.

Пушкин кітапханасы Виртуалды қосымша көмек қызметін ұсына отырып,
оқуда сәттілік тілейді!

Joomla! Debug Console

Session