homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАфиша«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы

b1d002c0 0891 4f0f 91e0 c85a515953c7

«Ертегі - ғажайыптар әлемі»
Қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті жылына» орай
ұйымдастырылған байқау 

ЕРЕЖЕ

Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін әрқашан да «кітап» деген құдірет пен «кітапхана» деген киелі мекеннен тапқан.
Сондықтан да баланың парасатты, білімді, жан-жақты адам болып қалыптасуындағы кітапхананың ролі өте зор екені сөзсіз.

1. Байқаудың қатысушылары мен ұйымдастырушылары:
1.1. «Жақсы кітап – жан азығы» облыстық онлайн байқауын (бұдан әрі – Байқау) ШҚО мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы» КММ ұйымдастырады.
1.2. Конкурс координаторы – А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Білім орталығы;
1.3. Байқауға 6 жастан жоғарғы барлық облыс азаматтары қатыса алады.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
2.1. Әдебиетке деген оқырман қызығушылығын арттыру;
2.2. Оқушылардың қиялын, бейнелі ойлауын, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;
2.3. Дарынды балалар мен жастарды анықтау;
2.4. Балаларды көркем шығармашылықпен айналысуға тарту;
2.5. Байқау нәтижесі бойынша көрме ұйымдастыру. Іріктеліп алынған шығармалардан кітапша басып шығару.
2.6 Кітап пен кітапхананың қоғамдағы рөлін арттыру.

3. Байқауды өткізу мерзімі, тәртібі және жас ерекшеліктері:
3.1. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 01 ақпан – 03 қазан аралығында төмендегі электрондық поштада қабылданады.
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..
3.2. Байқау номинациялары:
- «Менің ертегі әлемім» – өз жанынан ертегі құрастырып жазу.
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 6-11 жас;
- 12-15 жас.
- 16-18 жас.

- «Аударма әлемі» – қазақ тілінен өзге тілдерге, өзге тілден қазақ тіліне ертегілер аудару;
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 6-11 жас;
- 12-15 жас.
- 16-18 жас.
- «Суреттер сөйлейді» – өзіне ұнаған немесе өзі құрастырған ертегілерді сурет арқылы сөйлету (графикалық шығарма немесе комикс).
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 6-11 жас;
- 12-15 жас.
- 16-18 жас.
- «Балаларға арнаймын» – балаларға арналған ертегі, комикс жазу немесе мультфильм түсіру.
Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:
- 18 жастан жоғары.

4. Байқауды өткізу шарттары
4.1 Байқауға ұсынылған жұмыс келесі ақпараттарды қамтиды:
- қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты;
- жасы;
- номинация атауы;
- мекенжайы, байланыс телефондары.
4.2 Сайысқа жіберілген жұмыстар иесіне қайта қайтарылмайды.

5. Байқау қорытындысын шығару
5.1. Байқау қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 20 желтоқсан, балалар жылын қорытындылау қарсаңында өтеді.
5.2. Қорытынды шығару мен үздік жұмыстарды анықтауды Қазылар алқасы келесі критерийлерге сәйкес жүргізеді:
- жұмыстың мәлімделген бағытқа сәйкестігі;
- мазмұндылығы (ақпараттың сапасы, көлемі және толықтығы; сауаттылығы және баяндалу стилі);
- жұмыстың рәсімделу (оформление) ерекшелігі мен эстетикасы;
- шығармашылық ойдың тұтастығы;
- моральдық-этикалық нормаларға сәйкестігі.
5.3. Жеңімпаздар жекелеген номинациялар бойынша дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
5.4. Байқауға жұмыстарын жіберген барлық қатысушыларға Байқауға қатысушы СЕРТИФИКАТЫ беріледі.
5.5. Байқаудың Қазылар алқасы жекелеген қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау құқығын өзіне қалдырады.
5.6.Балалары байқауға белсенді қатысқан педагогтар грамоталармен марапатталады.
5.7. Байқау жұмыстары 03.11.2022 жылға дейін қабылданады.
5.8. Байқау қорытындысы туралы ақпарат www.pushkinlibrary.kz сайтында және @ pushkinlibrary.kz әлеуметтік желілерінде жарияланады.

6. Қазылар алқасы
Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалау үшін Қазылар алқасы құрылады, оның құрамына кемінде 5 адам – кітапханашылар, балалар оқуы жөніндегі сарапшы, педагогтар, жазушылар, қоғам қайраткерлері кіреді. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделіп, Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

7. Авторлық құқық
7.1. Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына жұмысты байқауға жіберген қатысушы жауапты.
7.2. Жұмысты байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды интернетте орналастыру құқығын береді.

Қосымша ақпараттар бойынша байланыс телефондары:
8 (7232) 26-13-33; 7 705 282 1127
8 705 5412525 Құдайбергенова Нұргүл Құдайбергенқызы

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25153766
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102