«Азаттығым ақ таңым, ардагерлерім мақтаным»: оқушылар айтысы
Қазақ халқының қанына сіңіп, өмірімен біте қайнасып, ғасырдан – ғасырға жалғасып, ұрпаққа мұра болып келе жатқан қасиетті өнер - суырып салма айтыс өнері. Осы өнерді дәріптеп, насихаттау мақсатында А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Ертіс концерт» КМҚК мекемесімен бірлесе отырып «Тастүлек» ақындар мектебін ашты.
2017 жылы 5 мамыр күні сағат 15.00-де аталған ақындар мектебінің алғашқы «Азаттығым ақ таңым, ардагерлерім мақтаным» атты кеші өтті. Кештің мақсаты – арпалыспен келген азаттығымыз бен талпыныспен келген тәуелсіздігімізді бағалап, ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, Алаш арыстарын ұлықтау болатын.
Кешті «Тастүлек» ақындар мектебінің жетекшісі, айтыскер-ақын, жас қаламгер – Гүлнұр Зұлқаршын жүргізді.
Әділ қазылар алқасында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ұзақ жылдар мәдениет саласында жұмыс атқарған, бар өмірін ұрпақ тәрбиелеуге арнап келе жатқан апайымыз Шамшиева Нұрсағила Серікбайқызы;
Шығыс Қазақстанның танымал ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз, бірнеше жыр жинақтарының авторы Раисова Бақытжамал Мұхтарханқызы;
Шығыс Қазақстанға танымал айтыскер ақын Құралай Кәмалиевалар төрелік етті.
Аталған кешке Өскемен қаласындағы бірнеше қазақ мектептерінен айтыс өнеріне жақындығы бар дарынды ақын оқушылар қатысты.
Нәтижесінде:
Абай атындағы №33мектептің 8-сынып оқушысы Адалбак Ардақ - бас жүлдені;
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейіның 8-сынып оқушысы Қабдылманапов Досжан - І орынды;
Абай атындағы №33мектеп 7-сынып оқушысы Ермекұлы Ерасыл – ІІ орынды;
Өскемен қаласы №35-орта мектептің 5-сынып оқушысы Оспанов Абзал Әділбекұлы – ІІ орынды;
Өскемен қаласы №35-орта мектептің 8 сынып оқушысы Мұратбек Серікжан, 6-сынып оқушылары Рыспаева Алтынай Еркінқызы, Оразқанов Диас Талғатұлы және Абай атындағы №33мектеп 8-сынып оқушысы Қадылбек Аршын - ІІІ орындарды иеленді.
Сондай-ақ, барша қонақтар үшін кітапхана қызметкерлері тақырыптық көрме ұйымдастырды. Жас ақындарымызға қолдаушылық көрсетіп келген сыныптастары оларға арнап ән салып, би билеп берді.
Барлық оқушыларға ұйымдастырушылар атынан дипломдар мен кітаптар және ақшалай силықтар ұсынылды.
Айтыс барысында түсірілген фотосуреттерді төмендегі әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыздан көре аласыздар.
https://www.facebook.com/groups/1522352141410218/?ref=bookmarks
https://vk.com/vkob_biblioteka_pyshkina
https://www.instagram.com/pushkinlibrary/
Байланысшы: Құдайбергенова Н.
тел: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы