homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет

Ақпан

5 ақпан
Белоусовка кенінің бұрғышысы Федор Иванович Гордеев нормасын 1110 % орындады.
6 ақпан
Партиялық насихат және баспасөз қызметкерлерінің облыстық жиыны өткізілді.
Зырян аудандық кеңесінің атқару комитеті ауылшаруашылығы курсын ұйымдастырды, онда 150 адам оқыды. 25 адам комбайнды оқып-үйрену  үйірмесіне барды.  

7 ақпан
Самар ауданының Р.Люксембург атындағы колхозында ворошилов салт аттылары бөлімі құрылды.

8 ақпан
Өскемен қаласы қалалық активінің жиналысы өткізілді. Шамамен 50-ден аса партия басшылары мен совет қызметкерлері қатысты.
Зырян селекция станциясында темекі шаруашылығы бригадирлерінің курсы ұйымдастырылды. МТС-те темекі егушілер курсы жұмыс істейді.

 

Лениногорск қаласында «Лениногорск» туралы қысқа метражды фильм түсірушілер бригадасы жұмыс істейді.

10 ақпан
Лениногорск еңбекшілері В.И.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия үшін арнайы вагон аттандырды.
Белоусовка кенінің  бұрғышысы Тищенко 8 сағат ішінде өз нормасын 1208 % орындады. Ол Кенді Алтайда жоғары еңбек өнімділігін көрсеткен бірден бір бұрғышы.   


11 ақпан
Зырян ауданының «Украинец» артелінің колхозшылары Шығыс Қазақстан облысының барлық колхозшыларына майдан үшін мал шаруашылығын қалпына келтіру және егінді жоспардан тыс артық  өндіру туралы үндеу тастады.
Өскемен қаласының қалалық парткабинетінде А.С.Пушкиннің қайтыс болуының 105-жылдығына арналған кеш өткізілді.

13 ақпан
Өскемен қаласы комсомол активінің жиналысы өткізілді, онда қалалық КП(б)К  хатшысы Шувалованың ЦК КП(б)К  VI пленумының шешімдері және комсомолдың міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды.

13 ақпан
Ново-Шүлбі ауданының еңбеккерлері «Қазақстан комсомолы» танк  колоннасы құрылысына 45 мың. аса руб.,  истребитель-самолеттер жасауға 25 мың. руб. аударды.

15 ақпан
Комсомол – жастар жексенбілігі өткізілді. Оған 15 000 адам қатысты. Жастар мен комсомолдар  1 500 еңбек күні  және 52 000 руб. кіріс тапты.

19 ақпан
Облыстық  драмтеатрда Өскемен қаласы сайлаушыларының СССРЖоғарғы Советінің депутаты Ф. З. Рванцевпен кездесуі өткізілді. Қаланы көріктендіру, қалалық  ұйымдар жұмысы талқыланды.
Бұл күнге Семей облысы еңбекшілері Қызыл Армия үшін 25 мыңнан аса жылы киім, былғары мен тері – 9890 кг, жүн – 9581 кг. жинады.

23 ақпан
Өскемен және Лениногорск қалаларында Қызыл Армияның 24-жылдығына арналған салтанатты жиындар өткізілді.

​ 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25949662
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session