homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет

"Дала өркениеті: түп тамырынан қазірге дейін": көрменің ашылуы

12 желтоқсанда  кітапханада Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша әдеби композицияның ашылу салтанаты өтті. Әдебиеттер көрмесі "Дала өркениеті: түп тамырынан қазірге дейін" деп аталды. Қасиетті қобыздың әуелеген үні кездесуге келген қонақтарды қарсы алды. Басқосуға жерлес жазушылар, студенттер, ҚР ІІМ ШҚ облысы бойынша қызметкерлері келді.

 Көрменің барлық бөлімдері бір-бірімен сабақтаса отырып ауқымды ақпараттық көріністі – Ұлы Даланың өмірі мен рухын көз алдымызға елестетті. Кітапхана мамандары көрменің бөлімдерін негізге ала отырып, Ұлы даланың ежелгі тарихына саяхат жасады. Әдебиеттегі шолуда қызметкерлер ежелгі тайпалар мен көшпелі мәдениет туралы, Ұлы Жібек Жолы туралы және көрнекті тұлғалар туралы кітаптарды ашып, мысалдар келтірді.

Түрік әлемі ата-бабамыздың дана дүниетанымының арқасында еңсесін биік көтерген ерекше рухани мәдениет. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының рухани мәдениеті жайлы «Дидар» газетінің журналисті Мерей Қайнарұлы, құпияға толы «Ақбауыр» археологиялық кешені туралы ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығының маманы Галина Петенёва өз ойларымен бөлісті.
Меруерт Емелбаева, кітапхананың бас маманы:
Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тек өз түптамырын тану туралы ғана сөз қозғамайды. Ол қоғамымыздың рухани жаңғыру қажеттілігін айта келіп, жаңа бағдарламалар мен жобаларды ұсынады. Біздің А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы осы ауқымды әрі маңызды жұмысқа өз үлесін қосуда. Ерекше атап өтетін үлкен жетістік – әлемнің 28 тіліндегі сандық материалдар жинақталған «Біздің Абай» электронды кітапханасы. Шығыс Қазақстан – Евразияның жүрегі, сол себепті де біздің кітапхана «Өлкетану» атты толықмәтінді электронды кітапханасын жасап шығарды. Онда Шығыс Қазақстанның киелі жерлері, аңыздары мен ғажайып табиғаты туралы ақпараттар орналасқан.
Жанна Сакпанова, Анықтамалық-библиографиялық қызмет орталығының жетекшісі:
Осы көрменің ашылуы аясында біздің кітапхананың өз дерекқоры жайлы айта кету де артық етпес. Өйткені Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарының бірімен үндес «Біздің Абай» электронды кітапханасы мен «Шығыс Қазақстан: танымал есімдер» дерекқоры сандық өркениет заманында белгілі тұлғалар туралы білімімізді алға жылжытудың лайықты үлгісі болып табылады.

Кездесу Елбасының «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» деген сөздермен аяқталды.
Елбасы мақаласында қоғамды өз тарихынды құрметтеуге және зерттеуге, өткеннен сабақ алуға шақырады, ендеше баршаңызды келіп, кітап әлемі арқылы ұлы дала тарихына саяхат жасауға шақырамыз.

cem granei 1 1 cem granei 1 2 cem granei 1 5 cem granei 1 7 cem granei 1 9 cem granei 1 10

 

cem granei 1 11

 

cem granei 1 12

 

cem granei 1 14

 

cem granei 1 15

 

cem granei 1 19

 

cem granei 1 8

 Байланысшы: Жансая Ашкенова
Тел.: 26-39-46

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 25514096
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102

Joomla! Debug Console

Session