Күй құдіреті: Әбділхамит Райымбергеновпен онлайн кездесу
2021 жылы 12 cәуірде сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Көкіл» мектебінің директоры, «Мұрагер» музыкалық бағдарламасының негізін қалаушы, белгілі мәдениеттанушы, қазақтың талай баласын күй өнеріне баулыған өнертанушы, Құрманғазы атындағы 1-республикалық конкурстың лауреаты — Әбділхамит Райымбергеновпен тікелей эфирде онлайн кездесу өтті (ZOOM платформасында).
Әбділхамит Райымбергенов 1957 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясын домбыра класы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, ол «Мұрагер» атты республикалық фольклор сазды ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі. Ансамбль көптеген бүкілодақтық, халықаралық фестивальдарға қатысқан. Ә. Райымбергеновтың «Мұрагер» ансамблі Мәскеуде өткізілген жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік фестивалінің дипломанты болып, қазақ музыкасын әлемге танытып, гастрольдік сапармен көптеген ТМД елдерінде, сондай-ақ Австрияда, Индияда, Италияда, Жапонияда, Кипрде, Францияда, т.б. мемлекеттерде болды. Құрметті қонағымыз халқымыздың көрнекті күйшісі Қазанғап шығармашылығын жан-жақты зерттеп, көптеген еңбектер жазған. Ә. Райымбергеновтың орындауында Қазанғап күйлері Қазақ теледидары мен радиосының қорына жазылып алынды.
Көрнекті өнертанушы өзі оқып, тәлім алған Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының доценті, осында ғылыми-педагогикалық, ұстаздық қызмет атқарған. Республикалық теледидарда бірнеше жыл бойы «Домбыра үйренейік» хабарын жүргізеді, мемлекеттік емес «Көкіл» мектеп-колледжінің директоры әрі көркемдік жетекшісі. Колледж еліміздің өнер оқу орындарына арнап жаңа әдістемелер, бағдарламалар жасады. Өнертанушы қонағымыз тек домбырада ғана емес, көптеген аспаптарда - сыбызғыда, шаңқобызда, қылқобызда, үскірікте... шебер ойнайды. Өзінің халыққа танымал бірнеше күйлері бар: «Нартәуекел», «Нар идірген», «Құс қайтару», «Шыныаяқ» және т.б.
Баршаңызды онлайн кездесуге қатысып, қазақ өнері туралы барынша кең мағлұмат алуға шақырамыз!
Байланысшы: Кемешева Меруерт
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055979
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы