Экологиялық бейнетека
Экологиялық видеотека - TACIS "Повышение информированности населения о проблемах окружающей среды" бағдарламасының гранты. Біз соңғы жылдары әлемнің әр елдерінде түсірілген 50 ден астам үздік экологиялық фильмдердің коллекциясын алдық (қазан, 1999). Осы видеотеканы пайдаланудың арқасында экологиялық бағыттағы іс-шаралардың сапасы жақсарды. Сонымен бірге, ақпараттық қызметтің жаңа бағыты пайда болды – ол, экологиялық оқулар өткізу. Жоба өз жалғасын тапты, оның негізінде кітапханада Медиатека құрылды және зор жетістікпен жұмыс істейді.
«Ағылшын тілі балаларға» жексенбілік мектебі
"English for Children" – 5 жастан 10 жас аралығына дейінгі ағылшын тілін оқып-үйренгісі келетін балаларға арналған. Жобаны АҚШ-тың Қазақстандағы Бейбітшілік Корпусы қолдаған (мамыр, 1998). Жоба аясында тіл курстары ұйымдастырылды. Электрондық және бейнеқұралдар ағылшын тілін қызықты жүргізуге жәрдем береді. Қазіргі кезде оның негізінде Балалар секторы құрылған. Кішкентай курсанттар ағылшын тілін оқып-үйренумен бірге, өздерінің бағдарламаларын әзірлейді. Мектеп оқушылары үшін ағылшын тілінде ақпараттық- танымдық оқулар жүргізіледі. Ондай оқулар балаларға ағылшын тілді елдердің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрімен, осы елдердегі балалардың өмірімен таныстырады. Сонымен бірге сектордың жанында ағылшын тіліндегі Балалар абонементі жұмыс істейді.
Мегажоба "Пушкин кітапханасы"
"Пушкин кітапханасы" мегажобасы – Сорос-Қазақстан Қорының гранты (ақпан, 1999), мегажобаның арнайы каталогы бойынша басылымдар алуға жеңілдіктер береді. Жоба үш жыл жұмыс істеді. Бұл гранттың арқасында біз өз қорымызды 90-жылдардың соңы 2000 жылдардың басындағы үздік басылымдармен, Ресейдің алдыңғы қатарлы баспа фирмаларының жаңа өнімдерімен толықтырдық: «Алетейа», «Логос», «Амфора», «Вагриус», «Азбука», «Феникс» және т.б. Кітапхана коллекциясы қазіргі заманғы және өте сұраныстағы мәдениеттану, философия, құқық, экономика, тілтану, әдебиеттану және т.б. басылымдармен толықты. Оқу-ағарту әдебиеттерімен бірге, бүкіләлемдік үздік шығармалар, орыс классикасынан бастап, ХХ ғ. шетелдік авторлар Ф. Саган, И. Кальвино, М. Фриш, Д. Делилло т.б. кітаптары алынды. Бұл кітапхана қорының «оңтайландыру» үрдісі мен нарықтық экономикаға кірген кезеңнен кейінгі алғаш рет жаңартылуы еді.
Интернет-Зал
Біздің кітапханада Интернет-кластың ашылуына Электрондық почта және Интернет" деп аталатын жобаның әсері болды. 997 жылдың қаңтарында біз Сорос-Қазақстан Қорының кітапхананы Интернетке және электрондық почтаға қосуға ұсынған грантын алдық. Бұл жобаның аясында із екі компьютер және модем алдық. нтернет-кластың ашылуы алғашқы жобаның логикалық жалғасы болды. Интернет-класс жобасын жүзеге асыруға арналған Евразия Қорының грантын Америка Құрама Штаттарын дамыту (USAID). жөніндегі Агенттігі ұсынды. Біз 5 жұмыс станциясын, 64 кб./сек. жылдамдықтағы арнайы желі, принтер, ксерокөшірме алдық. Осылайша кітапханада Интернет – зал жұмыс істей бастады.
Қазіргі күні бұл жоба зор жетістікпен жұмысын жалғастыруда. Компьютерлер паркі 10ға жетті, сканер алынды, интернетті пайдалану 512 мб/сек. жылдамдыққа көтерілді. Ұсынылатын қызмет түрлерінің спектрі кеңейді. Интернетті пайдалану, Желіден ақпарат іздеу және электрондық почтамен қатар қызметтің жаңа түрлері пайда болды. Бұлар: құжаттарды электрондық түрде жеткізу, ақпараттық және оқытып-үйрету семинарлары, Өскемен қаласының ресми сайтын пайдалану орталығы т.б.
Интернет – залдың барлық қызметкерлері тренерлік дағдыны меңгерді және олар компьютерде, Интернетте жұмыс істеу негіздерін үйретеді, арнайы тақырыптық семинарлар жүргізеді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26044675
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы