homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қаңтар 2020

 

20200101kz

Кеңес Серғазыұлы Байтоғасов
Соқпақсыз қия кезеңдер

 

Өмірдің сан белесінен өтіп, еңбекпен есейіп еліне, халқына өнердің ауыр жолын паш еткен өнер иесінің кітабы. Аудан мәдениетінің жаршысы Кеңес Байтоғасовтың ғұмырнамалық естеліктері мен ой-толғаныстары баяндалған.

Жаңадан түскен кітаптар

Мария Тереза Гватолид
Рим. Ежелгі  өркениет тарихы мен қазыналары

 

Ежелгі өркениет тарихы мен қазыналар топтамасы ежелгі және антикалық өркениетті қамтыған. Рим өркениеті өзінің Еуропа мәдени мұрасындағы сақталған құндылықтары әлі күнге дейін  ерекше қызығушылық тудыруда.                                               

Жаңадан түскен кітаптар

Омар Жәлелұлы
Харекет

 

Кітап  Абайдың "Адам бол - мал тап" қағидасына негізделген. Адамды еңбек етуге, адами болмыс-бітімін, ар-абыройын сақтап қалудың жолдарын нұсқайтын ғылыми мақалалар мен зерттеулер енген.

20200104kz

Молдағали Жолдыбайұлы
Шығармалары

 

Жинақта ХХ ғасырдың басында ұлттық білім-ғылымды қалыптастыруға, дамуға үлес қосқан қайраткер, әдебиетші, аудармашы педагог, журналист М. Жолдыбайұлының оқу құралдары, әліппелері, мақалалары мен архив материалдары қамтылған.

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Шілде 2019

 

20190701kz

Шөптібай Байділдин.
Оюмен ой айтқан елміз

 

Халық шеберінің көп жыл ізденіп ұлттық нақыштағы жасаған ою- өрнектері әртүрлі тақырыптарға бөлініп берілген.                                                                                                                                                                                                                                                                                 

20190702kz

Келденбай Өлмесеков
Сұраған жанға сәлем айт...

 

Жинақта жерлесіміз танымал әнші К. Өлмесековтің орындауында бізге жеткен Шәкәрім әндері мен Шыңғыстау өңірі, Абай айналасындағы әнші- композиторлардың әндерінің нотасы, әндер тарихы,әнші жайында мақалалар, естеліктер, сыр- сұхбаттар, әншіге арнау өлеңдер топтастырылған.

201900703kz

Тұрсынғазы Рахимов
Сағынбасқа не шарар

 

Жинақта жерлесіміз әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың өмірі мен өнер жолы, әндерінің тарихы, ол туралы мақалалар мен естеліктер, сыр-сұхбаттар, әндер мен арнау-өлеңдер топтастырылған.      

20190704kz

Мәдениет Ешекеев
Сұржекей

 

Жинақта әншінің орындауындағы бізге жеткен барлық әндері жинақталып, нотаға түсіріліп, берілген, өмірі мен өнер жолы, әнші жайындағы жазылған мақалалар, естеліктер, арнау өлеңдер топтастырылған.

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

Қыркүйек 2019

 

20190901kz

Немат Келімбетов
Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері

 

Профессор Немат Келімбетовтың еңбегінде сақтар мен ғұндар дәуірінен баcтап ХVІ ғасырға дейінгі кезеңдерде пайда болған әдеби шығармалар хронологиялық ретімен берілген.    

20190704kz

Советхан Қалиғожин
Білікті ұрпақ тәрбилеу

 

Ұсынылып отырған материалдар мұғалімдердің кәсіби іскерлігін, біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге арналған.                               

201900703kz

Бексұлтан Нұржеке-ұлы
Қазақ тарихынан

 

Жинаққа әр жылдарда қазақ халқының тарихына қатысты жазған мақалалары мен зерттеулері жинақталған.  

 

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

Қазан 2019

 

20191001kz

Нұржан Қуантайұлы
Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі

 

Белгілі қаламгер, ғалым Нұржан Қуантайұлы бұл еңбегінде Ж. Аймауытұлының көсемсөз шығармашылығын жан- жақты, толық зерттейді.
Жүсіпбек Аймауытұлының баспасөздегі, белгісіз болып келген редакторлық қызметтері анықталып, архив құжаттары бойынша өмірбаянының ақтаңдық тұстары қалыпқа келтірілген. Нұржан Қуантайұлының «Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі» атты монографиясы ғалымдар тарапынан жоғары баға алған еңбек.

20191002kz

Нәзира Рахманқызы
Қазақ киносы: кеше және бүгін

 

Кітап жалпы ұлттық кино өнерінің кешегісі мен бүгінгісінен сыр шертеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

20191003kz

Дәнеш Ахметұлы
Робот және алты асық

 

Бұл жинаққа автордың заманауи ертегілері енгізілген. Қазіргі сандық технологияның даму заманында жас сәбилердің ой-өрісін дамытып, олардың даму психологиясына әсер ету оңай емес. Аталмыш кітапша әсем көрнектелген. 

20191004kz

Бейбіт Қойшыбаев
Тарих және тұлға

 

Қазақ халқының қалыптасуы, этностық атауымен мемлекеттігін құру, жалпы алаштық идеяның өміршеңдігінмен таныстырады. Кітап Алаш-Орданың ғасырлық мерей тойына арналған.

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26322021
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102