homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бет
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазан 2018

2018101kz

Мәкен Мешелқызы
Ежелгі тіршілік Алтайда басталған.

Алтай өңіріндегі ежелгі тіршіліктің даму, қалыптасу тарихы ғасырлар кезеңдері бойынша үш ірі бөлімге бөлініп қарастырылған.

2018102k

Оңдасын Елубай
Дүниені дүбірлеткен жеті дода

 

Жерлес-журналист кітап-альбомында қазақстандық спорт саңлақтарының Олимпиадада қол жеткізген табыстары жайлы ой бөлісіп, өзі түсірген суреттерін ұсынады.                                                                                                                                                  

2018101kz

Абай

Журналдың мерекелік саны Шәкәрімнің әнмен айтылатын әйгілі өлеңі арнайы тақырып болып отыр. Жидебайдағы "Абай-Шәкәрім" "Рухани жаңғыру" бағдарламасына орай "Қазақстанның 100 киелі мекені" тізіміне енген. Журналдан бабамыздың  мұраларымен танысасыздар.

20180902k

Садеқ Һедаят
Соқыр байғыз

 

Бұл кітапқа ирандық жазушының  екі шығармасы енген. Шығарманы аударып,түсініктерді жазған Шығыс Қазақстан облысының тумасы, абайтанушы, шығыстанушы, парсы тілі мен əдебиетінің маманы, аудармашы Айнаш Қасым. 

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Қараша 2018

2018101kz

Сыдықов Е.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлеңдерден үзінді беріліп, фотосуреттермен көмкерілген көрнекті фотокітап. Шәкәрімнің қажылық сапардан кейін жазған этикалық-философиялық трактаттары өзінің терең ойшылдығымен және эрудициясымен таңқалдырды. Шәкәрім шығармашылығының сыры осы заманның лебі еседі, өмірдің этикалық тұжырымдамасына енгізген нағыз осы шақтың адамсүйгіштігін, осы шақтың ойы мен осы заманның сезімін оқимыз.

20181102kz

Алаштың алыптары 

 

ХХ ғасыр басында Қазақ Елінің тәуеліздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін жастарға үлгі ету. Басын бәйгеге тігіп күрескен Алаш алыптарының ерлігін жүйелі түрде жинақтаған арнайы басылым.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

20181103kz

Қазақ өнерінің антологиясы 
Шешендік өнер 8-том

Қазақтың би-шешендерінің елшілдік, тапқырлық, ойшылдық, жалпыадамзаттық және классикалық дәуіріндегі құндылықтар, ұлы идеялар зерделенген. Шешендік өнер - қазақ көркем ойының энциклопедиясы, даналық дәрістерінің әлемі.

20181104kz

Қазақ өнерінің антологиясы
Шешендік өнер 9-том

 

Қазақтың би-шешендерінің елшілдік, тапқырлық, ойшылдық, жалпыадамзаттық және классикалық дәуіріндегі құндылықтар, ұлы идеялар зерделенген. Шешендік өнер - қазақ көркем ойының энциклопедиясы, даналық дәрістерінің әлемі.

20181105kz

Серік Негимов
Шешендік өнер

Шешендік сөздерге арналған бұл томда ескі заманнан бергі ел есінде қалған шешендік қабілеттің ғұмырлы болуы. Сөз зергерлері Майқы бидің, Қазыбек бидің, Төле бидің және басқадай тарихи тұлғалардың шешендік мұралары енген.

 

 

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

Желтоқсан 2018

20181203kz

Әлихан Бөкейхан
энциклопедия

Аса көрнекті ұлт қайраткері дарын иесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған. Тұлғаның өмірбаяндық деректері, қызметі, аударма мұралары туралы мақалалар енген. Алаш қозғалысына байланысты мағлұматтар, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары берілген.

 

 

20181204kz

Әлихан Бөкейхан
Шығармалары  Т. ХІІ

Мақалалар. Жарияланымдар. Пікірлер (рецензиялар). Ғылыми ізденістер. Әдеби, ғылыми аудармалар. Хаттар : қазақ және орыс тілдерінде                           

20181205kz

Әлихан Бөкейхан
Шығармалары  Т. ХІІІ

Мақалалар. Кітап сыны. Ғылыми зерттеулер. Оқу-әдістемелік құралдар. Ауыз әдебиетінің үлгілері. Көркем, ғылыми аудармалар : қазақ және орыс тілдерінде

20181206kz

Әлихан Бөкейхан
Шығармалары  Т. ХІV

Мақалалар, рецензиялар. Ғылыми зерттеулер. Экспедиция материалдары. Ауыз әдебиетінің үлгілері. Көркем, ғылыми аудармалар. Оқу-әдістемелік құралдар. Хаттар. Тергеу материалдары : қазақ және орыс тілдерінде

20181201kz

Орбұлақ өнегесі

Орбұлақ жеңісінің 375 жылдығына орай шайқас жайындағы деректер мен зерттеулер, мақалалар, мәліметтер, ойлар, тәрбиелік мәні бар толғаулар мен көркем шығармалар жинақталған.

20181202kz

Абай Құнанбаев.
Адам деген даңқым бар

Ұлы жазушылар мен ойшылдар кітапханасының «Менің 100 кітабым» сериясымен шыққан балалармен жасөспірімдерге арналған. Ұлы Абайдың өсиетке толы  өлеңдері үш тілде берілген.

20181207kz

Кови Стивен Р.
Жасампаз жандардың 7 дағдысы

Бестселлер мәртебесіне ие болған аталмыш кітап қазақ тілінде шығып отыр. Әрқайсымызды мазалайтын сан түрлі сұрақтарға тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктерін ескере отырып жауап береді.

20181208kzСайлау Батырша-ұлы,
Дипломат жазбалары

 

Автордың кеңес заманынан бастап дипломатия саласында атқарған ұзақ жылғы қызметі, мемлекеттік және қоғамдық істері туралы еңбектері мен мақалалары енген.

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

Қараша 2017

20171101kzҚазақ афоризмдері  Шаймерденұлы Е.

 

Тарихи-философиялық зердеміздің көкжиегі мен  ұлттық рухани болмысымыздың мүмкіндігі тереңде жатыр. Сөз өнерінің өзгеше өрнегі, терең мазмұндығы кең көрініс тапқан. Жетпіс сегіз ой иесінің афористік толғамдары тақырыпқа бөлініп, топтастырылып берілген.  

20171102kz

Шерубай Құрманбайұлы Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы

 

Жаңа атаулардың әдеби тілге енуіне, сөз жасау, балама табу, сөз қолдану тәжірибесі талданған. Сонымен қатар аударма кезіндегі лексикалық варианттардың нұсқалары берілген.                                                                                                                                      

20171103kz

Шайдаров М.
Латынша медициналық терминдердің түсіндірме сөздігі

 

Латын, орыс және қазақ тілдеріндегі анықтамалық сөздікте латын тілінің алфавиті, фонетикасы, дыбыстардың айтылуы, кейбір дифтонгілердің оқылуы, латын тілінің грамматикалық құрылымы берілген. Сөздікке латын тіліндегі он мыңға жуық сөз бен сөз тіркестері енген.               

20171104kz

Жүнісбек Әлімхан
Төл әліпби - төл жазу мәселелері

 

Латын әліпбиіне көшу жолында жүргізілген ғылыми-практикалық, оқу-әдістемелік ұсыныс мақалалар мен баяндамалар енгізілген. Қазақ тілі дыбыстары ортақ түркі әліпбиі негізінде дыбыс жазбаға түсіріліп, өрнек мәтінмен көрнекіленген.

Жаңадан түскен кітаптар             Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі

 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26322021
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102