Сәуір 2015
Мұқағали Мақатаев. Үш бақытым Жыр дүлділі, аса дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең-жырларының жарық сәулесі уақыт керуені алға жылжыған сайын жарқырай бермек. Ақынның жан-дүниесі, бітім-болмысы бар жаратылысы өлеңнен өріліп, жырдан жаралғандай. |
Сұлтан Қалиұлы . Жыл құстары келгенде
Балалар ақыны Сұлтан Қалиұлының мерзімді баспасөзде жарияланған шығармалары, кітаптары, мектеп оқулықтарына енген еңбектері көпшілікке кеңінен таныс. Жиырмадан астам жыр жинақтары балдырғандар үшін жазылған.
|
Төлеген Айбергенов. Атамекен
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы болып қалған Төлеген Айбергеновтыңбұл кітабына туған жер, табиғат, азаматтық ұстаным жайлы таңдаулы туындылары енгізілген.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қазан 2015
Наурызнама
Кітапта халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар, Наурызға байланысты діни- танымдық қағидалар, түрлі қызықты материалдар еніп отыр.
|
Білімдіден шыққан сөз Академик Зәки Ахметовтің ой-толғамдары.
|
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі
Кітапта Абай мен Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы сабақтастық мәселесі жан-жақты сараланады. "Абай жолы" эпопеясының поэтикасына және "шығармашылық тұлға" концепциясына талдаулар беріледі.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Қараша 2015
Жүз жиырма тұңғыш
Тұңғыш қазақ өкілдері туралы деректі мағлұматтар мен мақалалар жинақталған. Екінші томында қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақ зиялылары туралы жинақ.
|
Көлбаев Тілеу - Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін! Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқан қазақстандықтардың патриоттық істері жайлы. Аға ұрпақтың ерлігі жастарға өшпес үлгі-өнеге болып қала береді. Қаһармандар ісін насихаттау, жас буынды париоттыққа, отансүйгіштікке баулу – қасиетті парыз. Мұрағат құжаттарымен бірге жарияланған деректердің, соғыс пен тылдағылардың естеліктері негізінде жазылған.
|
Аупбаев Ж. Рухы күштілер
Кітапқа енген мақалалар мен сұхбаттарда екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлері мен офицерлерінің жанқиярлық істері мен жеңілмес рухы өзек болған.
|
Уайдин Ү. Әдеп әлемі және журналистика Журналистің мәдениеті, сұхбат жүргізіу, хат-жазбалармен жұмыс мәдениеті – бәрі-бәрі әдеп, әсемдік әлемінің аясы. |
Апатқа апарар үш індет : темекі, арақ, есірткі.
Еңбекте бүгінгі күні қоғамдық кеселге айналып отырған темекі, арақ, есірткі тигізген зардаптары мен адам өміріне қаншалықты қауіптілігі сөз етіледі. Мақсат – ендігі жерде жас ұрпақтың улануына жол бермеу.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Желтоқсан 2015
Қазақ көтерілістері. Энциклопедия Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалысының тарихы және олардың көсемдері мен қаһарман тұлғалары туралы мол мағлұмат топтастырылған.
|
Төлеубаев Ә. Т. Қазақ халқы этнографиясының мәселелері
Автордың бұл еңбегінде өткен ғасырдың |
Сөз тіркесі - шешендік
Шешендік сөздер ауыз әдебиетінде көркем образ ретінде көркем сөз, тамаша тілдің өркенімен қаланған зәулім шыңы ретінде қалыптасып, өркендеп дамыды, ол тарихта маңызды орынға ие болды.
|
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік
Мемлекеттік органдардың басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланылатын құжаттардың анықтамалары ұсынылған. Күнделікті қызметте пайдалануға бағытталған арнайы сөздер мен сөз тіркестері қазақ және орыс тілдерінде берілген.
|
Жаңадан түскен кітаптар Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі
Тағы мақалалар...
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322668
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы