homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКәсіби біліктілікті арттыру заман талабы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кәсіби біліктілікті арттыру заман талабы

«Өрлеу» орталығында курстан өтушілер кітапханаға  қонаққа келді. Олар облыс аймақтарынан балабақша тәрбиешілері. Мамандар үшін кәсіби біліктілігін арттырып, білімдерін жетілдіру өте маңызды. Қонақтар бірінші кезекте кітапханаға жазылып оқырман билеттерін алды.

 Нұғыманов Бақытбек Бажеевич  - «Өрлеу» кәсіби біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы:

Біз көптен бері кітапханамен бірлесе жұмыс істеп келеміз.  Кітапхананың ресурстары  біздің тыңдаушыларымыздың кәсіби деңгейін арттыруына көмектесіп,  мүмкіндік  береді.

Заманауи кітапхананың мүмкіндіктері өте мол. Біздің тыңдаушыларымыз оның қызметі мен ресурстарын   естіп біліп қана қоймай, көздерімен көріп пайдалануы керек.

Оразбаева Сауле Көкпекті ауданы Тасай ауылы мини-центрінің тәрбиешісі:
- Мен облыстық кітапханада бірінші рет болып отырмын. Кітапхана оқырманы болып жазылдым, енді кітапхана ресурстарын пайдаланатын боламын. Көп нәрсені білдім, электрондық каталогты пайдалануды үйрендім.

Жаманбаева Фарида Даулетжановна, Защита станциясы гимназиясы балабақшасының тәрбиешісі:

- Мен көптеген жылдардан бері, кітапхананың тұрақты оқырманымын, үнемі кітапхананың ресурстарымен қызметін пайдаланып келемін. Менің тәрбиеші ретінде ұйымдастырушылық жұмысыма көп көмегін тигізеді. Электронды каталог қажетті ақпаратты жылдам іздестіру мүмкіндігін береді. Ең бастысы әрқашанда күліп қарсы алып, көмектесетін қызметкерлерді атап өткім келеді.

Колдыбаева Бибинур  -Уржар ауданы, мақаншы селосы мини-центрінің  тәрбиешісі:
-Мен кітапханада алғаш рет болып тұрмын. Оқырман билетін алдым, енді кітапхана қызметін пайдаланатын боламын. Өте қуаныштымын. Керемет әсер алдым. Балаларға арналған әр түрлі үйірмелер бар екен. Жазғы демалыстарының өзінде балалар кітап оқумен, сурет салумен, моделдеумен айналыса алады. Қызық, спорттық әдебиеттер мен тренажер залы ашылыпты. Жеделсаты орнатылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға аранлған арнайы зал ашылыпты.

Шеберлер мектебіндегі қолөнер түрлерін үйрену, кілем тоқу ,кесет тігу үйірмелері де таң қалдырды. Қуыршақ театры ертегі көрсетіп қана қоймайды, балалардың өздері әртіс болып қойылым қояды екен.

«Әр адамға бір тәулік бойы өз өмірін өзгерту үшін оннан кем емес  мүмкіндік беріледі, Ал табыс, оны пайдалана білетін адамға қана келеді.» деп Андре Моруа айтқан екен.  

Пушкин кітапханасы табысқа жетуге көмектесетін  осындай  мүмкіндіктердің бірін пайдалануды ұсынады.

Байланысшы : Ашкенова Жансая

Тел.: 26-39-46 (119)

egr 2 egr 3 egr 4 egr 5 egr 1 egr 6

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26349198
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102