homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВШығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Ермек Мұқатайұлы бізде қонақта
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Ермек Мұқатайұлы бізде қонақта

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Ермек Мұқатайұлы кітапханамыздың оқырманы болып жазылды. Біз ол кісімен Дулат Бабатайұлына арналған кітап көрмесінің жанында кездестік.

- Ермек Мұқатайұлы сіздің қолыңыздағы кітаптың авторы Дулат Бабатайұлы. Биылғы жылы ақынның «Өсиетнамасы» «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша жыл кітабы болып таңдалды. Ақын шығармашылығы сізді несімен қызықтырды?
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды тарих және дін жылы деп жариялады. Яғни, бұл дегеніміз дәстүрлі дін, ислам мен ел арасындағы қарым-қатынас тарихын зерттеу болып табылады. Міне, Бабатайұлы дәл осы кітабында  құдіреті күшті құдайдан өзінің сенімін нығайтуын сұрайды.
Бұл сөздерді ол кісінің өлең жолдарымен жеткізуі керемет әсер қалдырады. Сондай-ақ, бұл өлең жолдары күнделікті өмірде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы үшін өте қажет табылады.
Жақында имамдардың кездесуі өтеді, мен оларға Дулат Бабатайұлының осы кітабын міндетті түрде оқуды ұсынамын. Бізде арнайы өзін-өзі дамыту жоспары бар, барлық имамдар «Абай жолын», Шәкәрім еңбектерін және тарихи кітаптарды оқу керек. Енді сол тізімге Дулат Бабатайұлын қосып қоямын, біздің имамдар өз уағыздарында ақынның поэзиясын да пайдаланылатын болады.

- Біз Сізбен қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында кездесіп отырмыз, осы мерекенің маңыздылығы туралы не айта аласыз?
- Құрбан айтты тойлай отырып, Қазақстан мұсылмандары басқа елдердегі мұсылман қоғамдастықтарымен өз рухани бірлігін ерекше атап өтіп, жер бетіндегі барлық адамдармен тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күндері мұсылмандар қайырлы, ізгі амалдар арқылы Жаратушыға жақындайды. Құрбан айттың бірінші күні мешітте айт намазы оқылғаннан кейін Алланың разылығы үшін құрбандық шалынады. Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.
. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен сырқат жандарға таратылады. Мұндай игі амалдар адамдар арасында мейірім, қамқорлық, кешірім, қайыр-шапағат секілді көркем мінез бен жақсы қарым-қатынас қалыптастырады. 

- Ермек Мұқатайұлы, Құрбан айт мерекесімен қазақстандықтарға құттықтау жолдай аласыз?
Осындай мүмкіндіктің туып отырғанына өте ризамын. Біздің құрбандық қаны төгілетін осы ұлы мерекеде құдайдан адам қанының төгілмеуін сұраймын. Ал адамдар бір-бірімен түсіністікте, тату-тәтті өмір сүрсін! . Елімізде бейбітшілік болсын! Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мүбәрак болғай, ағайын. Баршамыздың дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды және шалған құрбандықтарымызды қайырымен қабыл еткей!

 

bvfv 1 bvfv 2 bvfv 3 bvfv 4
 
Байланысшы: Жансая Ашкенова, тел.:  261-333, ішкі: 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338216
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102