Ғалым, этнолог Ахмет Тоқтабай - кітапхана қонағы
- Толығырақ
- Құрылды 10.09.2016 11:58
Еліміздің әр өңірінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар өтуде. Сондай шараның бірі қаламызда алтыншы рет өткелі отырған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты дәстүрлі халықаралық форум. Алтай - түркі халықтарының төл мекені, көне өркениет бесігі, бүгінде тұрақтылық пен татулықтың негізіне айналып отыр.
Осы тағылымды шараға қатысу үшін арнайы келген тарих ғылымының докторы, ғалым-этнограф, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, жерлесіміз - Тоқтабай Уалханұлы Ахмет бүгін біздің кітапханада болды.
Ахмет Уалханұлы Зайсан ауданының тумасы http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/ushitelikz/1552-.html. Тарихшы-этнолог, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері. Қазақтың «ғажайып қазыналарының» жетекші маманы. Ұзақ жылдар бойы түркі халықтарының этномәдениетін, тарихын зерттеумен айналысқан. Бірнеше кітаптардың авторы. Ауыз толтырып айтарлық еңбектері біздің кітапхана қорында бар. Ол «Қазақ жылқысының тарихы», «Қазақ тазысы» атты энциклопедиялық жинақтар, «Түркі халықтарының этномәдениеті» атты ғылыми танымдық еңбек.
Жылқының отаны, оны алғаш қолға үйреткен көшпенді тайпалар –қазақтар екендігін бүкіл әлем ғалымдарына мойындатқан танымал ғалым.
Қазақ баяу, бейқам халықпыз, біздің ұлттық брендіміз саналатын қымызға немістер, көкпарға қырғыздар қол салып жатқан заманда осындай ғылыми дәлелмен ұлттық құндылығымызды сақтап қалу үшін жасалған үлкен еңбек екендігін мойындауымыз керек. Бірнеше археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Тараздағы Айша бибі, Бабаджа қатун т.б. ескерткіштерді зерттеп, қалпына келтіруге қатысты. Әйтеке бидің кесенесін зерттеуге қатысып, көптеген құнды деректер тапқан. «Алғашқы қоғам тарихының сөздігі», «Түрік халықтарының этнографиясы» оқулықтарын жазып, білім беру бағдарламасына «Түркі халықтарының этнографиясы» атты оқу курсын енгізді.
Өмірі ізденістерге толы ғалым оқырмандар сұрағына жауап беріп, өз жоспарларын ортаға салды. Туған ел, жер тарихын білуге құмартқан оқырмандар көңілінен шыққан әдемі отырыс болғанын айта кету абзал.
Зиза Слямова, тел. 261333, ішкі - 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341610
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы