homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВДина Мұхамедхан: «Менің әкем Қайым Мұхамедхан – Патриот және Азамат»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Дина Мұхамедхан: «Менің әкем Қайым Мұхамедхан – Патриот және Азамат»

27 қазан 2016 ж. сағ. 15.00-де кітапханада абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедханмен кездесу өткізіледі. Жазушының 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген жүздесуде Дина Мұхамедхан әкесінің мол адами қасиеттері, әдебиеттегі ерен ерлігі жайында әңгімелейді.

Дина Мұхамедхан – Алматы қаласындағы Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет қоғамдық қорының директоры. Д. Мұхаметханқызы абайтанудың негізін салушы, ғалым-шәкәрімтанушы, Қазақ ССР-і мемлекеттік гимнінің сөзін жазған автордың әдеби мұрасын сақтау және есте қалдыру ісімен айналысады, жастармен, студенттермен жиі кездесіп, әкесі жайында терең әңгімелейді. Әкеміз «Бақыт дегеніміз – еркіндік, адал сөйлеу және ештеңеден қорықпай өмір сүру. Тек осылайша өмір сүру керек! Мұның адам өміріндегі маңызы зор». «Өтірік айтудан, алдаудан аулақ болыңдар. Тәртіпті, тәрбиелі, байыпты адам болыңдар». - деген өсиет сөздерін қалдырды. - дейді Д. Мұхамедхан.
Қ.Мұхамедханов өзінің өмірін, отбасының тыныштығын тарихи шындық, ғылым мен әдеби құндылықтарды сақтау жолында құрбан етті. Бұл – азаматтық құқық пен қайсар ерік-жігер, ғылым жолы мен азаматтық ұстаным үшін күрестің тағылымды үлгісі болды.
«Ұлтының асқан білгірі, дара жүйрік Қайым Мұхамедхановтың өмірі кітап жазып, фильм түсіруге лайықты. Тәуелсіздік бізге өздігінен келген жоқ. Ол үшін үлкен күрестер жүргізуге тура келді. Оның келбетінен біз тәуелсіздік құндылықтарын көреміз, біз оны сақтап қалуға тиіспіз. Бізге бұл бүгін де, келешек үшін де керек. Қазақ интеллигенциясының шынайы өкілі Қайым Мұхамедхановтың соңына қалдырған мұрасы – өміршеңдік, шынайы ақиқат, ерік-жігер, бекзаттық, рухани тазалық, биікке ұмтылу қасиеттері. - деген еді белгілі қазақ жазушысы және аудармашы Г. Бельгер.
Дина Мұхамедханның педагог ретіндегі пікірі - жастардың бойында адамгершілік, азаматтық ұстанымдарды терең қалыптастыру үшін, оларға биік демократиялық құндылықтар, өткен кезеңнің тарихи оқиғалары, саяси тұтқындар тағдыры, алдыңғы ұрпақ бастан кешкен тән мен жан азабы жайында жиірек әңгімелеу керек.
Кездесуге студенттер, жастар, жоғарғы сынып оқушылары шақырылады.


Байланысшы: Рахимбаева Б.С., тел. 261333, ішкі.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337638
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102