Кітапхана "Рауан" телебағдарламасында
- Толығырақ
- Құрылды 01.11.2016 15:33
Әр дүйсенбіде "Қазақстан-Өскемен" телеарнасында таңғы "Рауан" бағдарламасында кітапхана мамандары әр түрлі тақырыптарда бағдарлама жүргізушісі Аннамен әңгіме өрбітіп, ой бөліседі. 24 қазанда ақпараттық-библиографиялық орталықтың жетекшісі Харламова Наталья кітапхананың Астанадағы ШҚО күндеріне қатысып, елордамызда ұсынылған "Шығыс Қазақстан: Тәуелсіздік жетістіктері" әдебиеттер көрмесі және "Біздің Абай" электрондық кітапханасының презентациясы туралы әңгімелеп берді.
31 қазанда библиограф Омарова Асель жүргізушінің «Еркін елдің кемел тұлғалары» көрмесіне байланысты қойған сауалдарына жауап берді. Бұл әдебиеттер көрмесі еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып, оқырмандарымызға ұсынғанымызға 1 жылдай уақыт болды.
Құрметті пайдаланушылар, 7 қараша күні болатын тікелей эфирдегі таңғы бағдарламаны көруге шақырамыз. Жақын арадағы бағдарламада кітапханамыздағы «PROчтение» кітапқұмарлар клубы туралы, Ләйлә Ахметованың «1941. Брестская крепость. Казахстан» жаңа кітабының тұсаукесері туралы ақпарат береміз.
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341006
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы