homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБірінші дүниежүзілік соғыс көрінісі: француз цифрлық көрмесі Өскемен қаласында
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Бірінші дүниежүзілік соғыс көрінісі: француз цифрлық көрмесі Өскемен қаласында

2016 жыл 15 қараша сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында «14-18» цифрлық көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Француз Институты, Бірінші дүниежүзілік соғыс жүзжылдығының миссиясы, сондай-ақ Шетелде француз тілін оқыту жөніндегі агенттігімен (AEFE) әзірленген. Көрмені Қазақстандағы Франция Елшілігінің қорғаныс істері жөніндегі атташесі, полковник Стефан Самаран ашады.
Көрменің ашылуы Қазақстанда қарашаның 13-20 аралығында өтетін Халықаралық білім беру апталығымен қатар келіп отыр. Халықаралық білім беру апталығының мақсаты тек қана жастарға шетелден сапалы білім алу туралы мәлімет берумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, өскелең ұрпақты әлемдік мәдениетпен таныстырып, дүниежүзілік тарихпен сусындатып, ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуге ықпал етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жайлы бұған дейін көп айтылмаса да, соңғы уақытта адамдардың бұл қасірет жайлы ізденістері байқала бастады. Яғни, Екінші дүниежүзілік соғысты түсіну үшін, Бірінші дүниежүзілік соғыс тарихына үңілу қажет болды. ХХ ғасыр тағдырын анықтайтын елеулі оқиғалар осы қақтығыстармен байланысты еді.
Жеңіске қол жеткізсе де, француздар үшін Бірінші дүниежүзілік соғыс аса ауыр тиді. 2014 жылдан Францияда Бірінші дүниежүзілік соғыс жүзжылдығының миссиясы ауқымды мемориалдық жобасы жүзеге асуда. Аталған жоба аясында, Франция мен оның шалғай өңірлерінде адамзат тарихындағы ірі әрі қантөгіске толы шайқасқа арналған әртүрлі іс-шаралар жүргізілуде.
Француз мемориалдық жобасының негізгі бөлігі – «14-18» интерактивті жылжымалы көрмесі. Көрме плакат өнері мен цифрлық контентті үйлестіретін технологияға негізделіп, цифрлық мәдениетті көпшілікке насихаттайтын Париждегі GaîtéLyrique жаңа мекемесінің патронажымен құрылған.
Хронологиялық тәртіппен берілген «14-18» көрмесі Бірінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түрлі континенттегі оқиғалар желісін суреттейді. Сондай-ақ, танымдық бағытта ұсынылған көріністер Францияның солтүстігінен шығысына дейінгі майдан ошақтарын, әртүрлі сынақ көріністерінен сыр шертеді.
Аталған көрме қазірге дейін бірнеше елде болып, әлемдегі мыңдаған көрерменнің назарын аудартқан. Бүгінгі күні Сізде де көрменің раритет материалдарын тамашалап, ой түйіндеу мүмкіндігіңіз бар. Баршаңызды көрменің ашылу салтанатында күтеміз!

Байланысшы: Маргарита Чечурина
Тел.: 261-333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338462
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102