Робот құрастыруды үйренеміз
- Толығырақ
- Құрылды 09.11.2016 19:37
Бүгінгі күні модельдеу мен жобалау балаларды қызықтырып еліктіретін бірден - бір үрдіске айналды. Кітапхананың жастар интеллект орталығында робот құрастырудан шеберлік сыныбы өтті. Назарбаев интеллектуалды мектебінің ұстазы, оқушыларымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға өздері құрастырған, қимылдап қана қоймай ән салатын роботтарын таныстырды. Сондай-ақ, оқушылар балаларға робот жасаудан дәріс өткізді.
Балалар өз қабілеттеріне сенімді болып робототехника мен информатика процесіне кірісіп, робот құрастыруды ерекше қызығушылықпен әрі тез үйренді. «Робот техникаларымен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілетін дамытып, өзге пәндерді де жақсы меңгеруге септігін тигізеді. Бастапқыда шағын машиналар құрастыра келе кейін аса күрделі бағдарламаларға көшеді» дейді ұстаздар.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341006
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы