Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионымен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 16.11.2016 09:11
2016 жылы 17 қараша күні кітапхананың мәжіліс залында олимпиада чемпионы (Атланта, 1996), Азияның екі мәрте чемпионы, әлемнің екі мәрте чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мельниченкомен кездесу өтеді.
Осыдан 20 жыл бұрын 1996 жылы 22 шілдеде Атлантада өткен Жазғы Олимпиада Ойындарында Юрий Мельниченко грек-рим күресінен Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет алғашқы алтын медальді жеңіп алды.
Юрий Васильевич Мельниченко – грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуан, жаттықтырушы, Азияның екі мәрте чемпионы (1996, 1997), әлемнің екі мәрте чемпионы (1994, 1997).
Ю.Мелниченко 1972 жылы 5 маусымда Қырғыз ССР-і Джалал-Абад қаласында туып-өскен. Ұлты - украин. Қазақ Спорт және туризм академиясын бітірген (2002), жаттықтырушы-оқытушы. 2004 жылдан қазірге дейін – ҚР Күрес Федерациясы мен Ассоциациясының вице-президенті.
7-мәрте Қазақстан чемпионы; 2-мәрте – Азия чемпионы (1996, 1997); Азия ойындарының чемпионы (Хиросима, 1994); әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995; Афина, 1999); әлем чемпионы (1994, 1997); жастар арасында әлем чемпионы (1990, 1991); грек-рим күресінен ҚР чемпионы (1994, 1995); II Шығыс Азия ойындары чемпионы (1997); II Орталық Азия ойындарының чемпионы (1997). Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1994).
2000-2004 жылдары Қазақстанның грек-рим күресі бойынша құрама командасының бас жаттықтырушысы болды.
Қалалық спорт бөлімінің бастамасы бойынша өткізілген кездесуге спортпен айналысатын жастар, студенттер мен оқушыларды шақырамыз. Хош келдіңіздер! Кіру ақысыз.
Байланысшы: Валентина Райхель, тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340629
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы