Жаңа жинақтың тұсауы кесілді!
- Толығырақ
- Құрылды 24.01.2017 17:57
Кітапханада Балқан поэзиясы мен прозасынан сыр шертетін «Жарылқа мені, түн» атты жаңа жинақтың тұсауы кесілді. Жаңа басылымның жарыққа шығуына мұрындық болған Қазақстан мен шет аймақтарға есімі белгілі, дарынды жазушы, Лондондағы Абай Үйі мен Халықаралық Абай клубын құрушы, «Аманат» Халықаралық әдеби журналының негізін қалаушы – Роллан Сейсенбаев. Тұсаукесерге ақын-жазушылар, журналистер, қызметкерлер, кітапханашылар, студенттер мен оқушылар жиналды.
Жиналған қауымды кітаппен талантты қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаев пен «Казцинк» директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович таныстырды.
Аталған еңбек Н. Ә. Назарбаевтың жылы лебізін алған «Менің 100 кітабым» сериясымен жарық көрген. Елбасының сөздері жинақтың алғашқы бетінен орын алып, оқырманды зор ықыласпен оқуға жетелейді. Сербия, Черногория, Босния, Хорватия жазушылары мен ақындары шығармаларына алғысөзді біздің құрметті қонағымыз Никола Попович жазған екен. Бұл кездейсоқ емес, себебі Никола Поповичтің ата-анасы бұрынғы Югославия азаматтары. Сондықтан, алғысөз авторы сол елдің құндылықтарын бағалай келе, басылымда елдің барлық республикаларының, айрықша аймағының рухы ашып көрсетілгенін және жарияланған мәтіндер өткен шаққа деген сағыныш сезімін оятатынын айтады. Сондай-ақ, ол басылымды ескі Югославия кеңістігіндегі жазба әдебиеті құдіретінің ескерткіші деп бағалайды.
Ол әдебиет, ғылым және мәдениетке қызмет етудің үлгісін көрсетті, деп оның жинақты шығаруға қосқан үлесін «Казцинк» ЖШС басқармасының төрағасы Никола Попович баса айтты.
| |
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
Контакты: Валентина Райхель, тел. 261 333, вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339994
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы