Кітапханамен танысу
- Толығырақ
- Құрылды 12.02.2017 17:21
12 ақпан күні кітапханаға Өскемен әсери бөлімшесінің сарбаздары мен офицерлері келді. Жаңа ғана әскери қызметке кіріскен жас сарбаздардың біздің кітапханаға тұңғыш келуі. Уақыттың аздығынан олар тек жастар орталығының жұмысымен, медиатека коллекцияларымен танысты. Олар IT-Отауда компьютерлік сауаттылық және интернетте іздестіру жолдарын үйрену мүмкіндіктерін көрді.
Шахмат ойыншыларының қызықты тартысының үстінен шықты. Әсіресе, робототехника үйірмесінің жұмысы үлкен қызығушылық тудырды. Жас сарбаздар оқырмандар қолымен құрастырылған үлгілердің тапсырыс траекториясы бойынша арнайы стол-полигондағы қозғалыстарын бақылады. Көпшілігі 3D-принтерді бірінші рет көріп, 3D – баспасынан шыққан үлгілерді қызықтады.
Кітапхана мен әскери бөлімшенің әріптестік байланыстары жалғаса түсуде. Келесі жолы қонақтар кітапхананың басқа бөлімдерінде болып , кітап көрмелерімен, қызмет түрлерімен, ресурстармен танысуды жоспарлап отыр .
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333721
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы