Андрей Кратенконың өмірлік ұстанымы
- Толығырақ
- Құрылды 24.03.2017 16:20
«Жаңа сюжет жоқ – барлық сюжет бұған дейін жасалып болған. Мены жай ғана проблема, көрініс пен идеялар емес, адамның қатысуымен болған проблема, идея т.б. қызықтырады. Адамға қатысы жоқ дүние мен үшін қызықсыз. Менің негізгі қызығушылық бағытым – адам».
Міне, бұл журналист, публицист, «Золотой Гефест 2016» ұлттық сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы Андрей Кратенконың жазушылық кредосы. 29 наурыз сағ. 16.00-де кітапханада автормен кездесу өтеді. Бұл күні Сіздер қаламгердің шығармашылығымен, оның әр оқырманға шабыт пен жігер сыйлар өмірлік қағидаларымен жақын таныса аласыздар.
Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін «Беловодье. Потерянный рай» (1991), «Почему вернулся атаман?» (1991), «В центре Евразии: некоторые места, люди и вещи» (1991, 2005, 2016) кітаптарының авторы Андрей Иванович өзін пайымдаушы әрі жылнамашы санайды. Автордың ақкөңілдігі мен талапты ақылы күнделікті өмір оқиғаларынан кереметтей әңгімелер туындатуға жетелейді.
Филология ғылымдарының кандидаты Петр Поминов А.Кратенконың «В центре Евразии: некоторые места, люди и вещи» очерктер жинағында авторға өзінің бағасын берген. Андрей Кратенко кез-келген істі рахаттанып, сүйсіне істесең, нәтиже болады деген тұжырым жасайды. Сондықтан да болар, оның әрбір очеркінен қаламгердің өмірлік талғамын аңғаруға болады.
Баршаңызды кездесудің құрметті қонағы болуға шақырамыз.
Байланысшы: Асель Омарова, тел. 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26335127
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы