Кітап – білімнің терең бастауы!
- Толығырақ
- Құрылды 20.04.2017 17:01
20 сәуір күні барлық кітапсүйер қауым кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған мерекелі іс-шараға жиналды. Кітапхана ашылған күннен бастап-ақ зиялы қауым орталығына айналған. Бүгінгі таңда кітапхана қорында 400 мыңнан астам әдебиет бар. Оқырмандар заманауи ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Өлкеміз ақын-жазушыларға бай. Аталған іс-шарада жергілікті ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырылып, қаламгерлер өз туындыларын ұсынды. Олар: Зүкенов Мәуітқазы, Бақытжан Раисова, Борис Щербаков, Геннадий Пуссеп, Анатолий Лаптев, Андрей Кратенко.
Біздің кітапхана жергілікті баспа орындарымен де тығыз қызметтестікте. Бұл күні “Шығыс Ақпарат”, “Шығыс Полиграф”, “Либриус”, «Өрлеу»,“Рекламный дайджест”, “Медиа Альянс”, “Восток-Печать” және ҚАЕУ, ШҚМУ, ШҚМТУ университеттері баспалары мерекеге белсенді қатысып, өз өнімдерін ұсынды.
«Өрлеу» баспа орталығының қызметкері Құнақбаева Анара Зайсенбаевна баспа кітаптарымен таныстыра отырып, кітапханаға өз кітаптарын сыйлады.
Кітап мейрамы 23 сәуірге дейін жалғасады. Бұл күндері кітапханада әртүрлі алаңдар жұмыс істейді: бірінші қабатта – балалар және жасөспірімдер, екінші қабатта – баспа өнімдері, кітап-сауда жәрмеңкесі, авторлармен жүздесу, белсенді қатысушыларды марапаттау.
| |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Байланыс тел.: 261 333 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343367
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы