«Азаттығым ақ таңым, ардагерлерім мақтаным»: оқушылар айтысы
- Толығырақ
- Құрылды 26.04.2017 10:57
Қазақ халқының қанына сіңіп, өмірімен біте қайнасып, ғасырдан – ғасырға жалғасып, ұрпаққа мұра болып келе жатқан қасиетті өнер - суырып салма айтыс өнері. Осы өнерді дәріптеп, насихаттау мақсатында А.С. Пушкин атындағы кітапхана «Ертіс концерт» КМҚК мекемесімен бірлесе отырып «Тастүлек» ақындар мектебін ашты.
2017 жылы 5 мамыр сағат 15.00-де аталған ақындар мектебінің алғашқы «Азаттығым ақ таңым, ардагерлерім мақтаным» атты кеші өтеді. Кештің мақсаты – арпалыспен келген азаттығымыз бен талпыныспен келген тәуелсіздігімізді бағалап, ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, Алаш арыстарын ұлықтау.
Кешті «Тастүлек» ақындар мектебінің жетекшісі, айтыскер-ақын, жас қаламгер – Гүлнұр Зұлқаршын жүргізеді.
Шығыстың айтыскер-ақын қызы – Әлкембаева Құралай, ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Бақытжан Райысова, бірнеше раеспубликалық, облыстық жыр мүшәйрасының жүлдегері, «Шабыт» жас ақындар клубының жетекшісі - Қызырбек Дүргенбай әділ қазылар алқасында төрелік етеді.
Сондай-ақ, барша қонақтар үшін кітапхана қызметкерлері тақырыптық көрме ұйымдастырады.
Аталған кешке суырып салма өнері бар дарынды ақын оқушылар қатысады.
Құрметті жырсүйер қауым, баршаңызды тамаша айтыстың шынайы куәгері болуға шақырамыз!
Байланысшы: Зұлқаршын Гүлнұр
Тел. 8 7758301250, 74-07-65
Эл. пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342721
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы