homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБалалық шақтың ертегі әлемі – кітапханада
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Балалық шақтың ертегі әлемі – кітапханада

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні кітапхана өзінің кішкентай оқырмандарын «Балалық шақтың ертегі әлемі» атты мерекеге шақырады. Мерекенің ашылуы сағ. 11.00-де кітапхананың мәжіліс залында облыстық драма театры әртістерінің балаларға арналған ертегілік көрсетілімімен бастау алады.  

Кәсіпқой әртістердің көрінісінен кейін жас оқырмандарды жастар интеллект-орталығында арнайы көңіл көтеру әрі танымдық бағдарлама күтеді. Аталған бағдарлама үштілді – ертегі кейіпкерлері костюмдерін киген жүргізушілер мен жас әртістер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейтін болады. «Жұлдыз» өнер мектебінің балалары мен біздің сүйікті оқырмандарымыз қонақтарға керемет би мен ән-жырларын сыйлайды.
Қолөнер, робототехника, модельдеу бойынша викториналар, жұмбақтар, ойындар мен мастер-класстар, «Makerspace» шығармашылық алаңындағы 3D-принтер мен 3D-қаламмен жұмыс – балалардың білімін шыңдай түсері сөзсіз.
Сондай-ақ, мұнда жас өрендерімізге қызықты да жаңа кітаптар, журналдар мен дискілер көрмесі ұсынылады. Олардың қатарында әр тілдердегі халық ертегілері, танымдық энциклопедиялар мен «Айгөлек», «GEOленок», «Балалар әлемі», «Балдырған», «Девчонки и мальчишки»… тәрізді  журналдар бар.
Ниет білдірушілер үшін кітапханаға экскурсия жасалып, мультфильмдер көрсетіледі және олар дауыстап кітап оқи алады.
Балалар үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген тәтті тосынсыйлар да біздің кішкентай қонақтарымызды күтетін болады.
Бұл күн бүлдіршіндердің есінде қалады деген үміттеміз.
Біз кітапхананың жас оқырмандарын ата-аналарымен бірге, мектеп жанындағы лагерьлер мен балабақша балаларын шақырамыз. Келіңіздер, қатысыңыздар!

                                                                Байланысшы: Абдеева Я.Б., Рахимбаева Б.С., тел. 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26611621
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102