Туған жер: Келмесең алыстайсың...
- Толығырақ
- Құрылды 18.06.2017 17:02
«Келмесең алыстайсың , бермесең алыспайсың» -дейді дана халқымыз. Биылғы жаз жақсы үрдіспен басталды. Петропавл мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің дарынды оқушылары Шығыс өңірінің мәдени, әлеуметтік - экономикалық дамуын зерттеуге келді.
2012 жылдан бастап еліміздегі «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы әзірлеген «Туған елге тағзым» атты жобасы бастау алғаны мәлім. Жобаның мақсаты- оқушылардың туған елге деген қызығушылығын оятып, отансүйгіштік сезімдерді нығайту.
Шығыс өңіріне жол тартқан Перопавл және Шымкент қалаларының оқушылары мәдениеттің қара шаңырағы саналатын А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына келді. Заманауи технологиямен жабдықталып, оқырмандар үшін қолжетімді ақпараттар легімен жабдықталғын кітапхана қонақтар көңілінен шықты. Кітапхана директорының орынбасары Б. Қалмақбайқызы қонақтарға кітапхананы аралатып, қызмет түрлерімен таныстырды. Кітапхана оқырманы, тарихшы, Ы. Алтынсарин медалінің иегері, қарт ұстаз Қ. Балтекенов өңір тарихымен, шежіресімен, танымал тұлғаларымен таныстырып өтті. Өлкетанушы – библиограф Әсель Омарова кітапхана сайтымен, «Біздің Абай» электронды кітапханасымен, Қ. Мұхамедхановтың библиографиялық көрсеткішімен таныстыра келе, ондағы ақпараттарды қашықтан қалай алуға болатынын түсіндірді.
Биылғы жыл Алаш қозғалысының 100 жылдығы. Оқушыларға ғылыми жобалар жазу үшін қажетті тақырыптың бірі - осы Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлеріне арналған кітап көрмесі жанында өлкетанушы Зиза Мұхтарханқызы әңгімесін сұрақ - жауап түрінде жалғастырды. Алаш қозғалысының тарихы, қайраткерлерінің қилы тағдырлары жайлы сұрақтар қойыла отырып, оқушылармен бірлесе алаш тарихын зерделенді. Ауқымды кітап көрмесінде мектеп бағдарламасынан тыс, тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыратын ақпараттардың мол легімен танысты. Қонақтар алаш қайраткерлері, оның ішінде Шығыс бөлімшесі мүшелері, алаш атты әскері т.б. сұрақтар қойды. Ғылыми жоба жазу кезінде тағы да Пушкин кітапханасының ақпараттық көмегіне жүгінетіндерін білдірді. Сөз реті келгенде кітапханашылар кез - келген сұраққа ақпараттық қызмет көрсетуге даяр екенін айтты. Кітапхана директорының орынбасары Б. Қалмақбайқызы топ жетекшілеріне «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» атты дискілер топтамасын сыйға тартып, барыс- келісіміздің көбейе түсетініне сенім білдірді.
Слямова Зиза, тел. 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26060461
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы