Әлеуметтік желілердің зор мүмкіндіктері
- Толығырақ
- Құрылды 28.06.2017 11:31
27 маусымда «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер ассоциациясы» ҚБ (жетекшісі К.Ш. Көккөзева) мен А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы бірлесе отырып облыстық әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік арттыруы жөнінде кезекті семинар-тренингін өткізді. Аталған семинарға Риддер қаласы, Абай, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, және Ұлан аудандарының мамандары қатысты.
Бүгінгі сабақ әлеуметтік желілерге арналды. Әлеуметтік желілер қажет пе? деген сауалға әлеуметтік жұмыс жөніндегі қызметкерлер келесідей жауап берді. «Әлеуметтік желілер әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін адамдарға бір-бірімен қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуға, тіпті мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен мүмкіндіктер береді. Олардың көпшілігі оқшау өмір сүретіндіктен, әлеуметтік желі көмегімен олар бір-бірімен байланыс орнатып, жаңа достар тауып, пікір алмаса алады».
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер жұмыс іздеуде де пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Желіде көрсетілген әртүрлі клубтар мен үйірмелер пайдалы уақыт өткізуге ықпал етеді.
Біздің А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана мәдени демалыс орталығы бола отырып, әртүрлі клубтар мен үйірмелерді назарларыңызға ұсынады.
Байланысшы: Нурсадыкова Б.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342721
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы