«Spelling Bee» орфографиялық сайысы
- Толығырақ
- Құрылды 06.12.2017 14:44
14 желтоқсанда сағат 15.00-де кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық дипломатиялық қарым-қатынастар мен үштілділік концепция аясында 2-ші «Spelling Bee» орфографиялық конкурсы өткізіледі. Бұл конкурс Конкурс АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен екінші жыл өткізіліп отыр.Конкурстың мақсаты ағылшын тілін оқытуды күшейту және қазақстандық жастар арасында американдық мәдениетті танымал ету.
Конкурсқа уақытында онлайн-тіркелген жоғары оқу орындарында және колледждерде оқитын еліміздің азаматтары қатыса алады. Байқаудың шарты американдық ағылшын тілінің орфографиясы болып табылады.
Сайыс барысында жүргізуші сөзді айтады, қатысушы сөзді әріптермен ауызша талдап, айтуы керек. Қатысушы сөзді қайталауды, оны сөйлемде пайдалануды және сөздің шығу тегі туралы нақтылауды талап етуге құқылы. Бір сөзді талдауға екі минут беріледі. Қазылар алқасы сөздің дұрыстығын растайды.
Байқау бірнеше турдан тұрады. Әр турда сөздерді дұрыс талдамаған қатысушы жарыстан шығарылады. Соңғы қалған үш қатысушы жеңімпаз болып табылады.
Жеңімпаздар 2018 жылдың 17 ақпанында Астана қаласында өтетін конкурсқа шақырылады. Астанадағы сапардың барлық шығындарын Қазақстандағы АҚШ Елшілігі төлейді.
Біз барлық сайысқа қатысушылардың ата-аналарын, оқытушыларын достары мен группаластарын жанкүйер болуға шақырамыз. Келіңіздер, қолдау көрсетейік! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Контактное лицо:
Шингалиева Сауле
тел.: 8 (7232) 261-333 (внутр. 106) моб. 87051272936, факс: 263-087;
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,
http://pushkinlibrary.kz
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26352125
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы