Humming House Band музыкалық тобы кітапханада
- Толығырақ
- Құрылды 25.02.2018 18:37
25 ақпан күні, кітапхананың Америка Бұрышында АҚШ-тан келген "Humming House" музыкалық тобы болып қайтты.
Америкалық қонақтармен бірге Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Мэтью Уилсон келді. Мәжіліс залына жиналған кітапхана қонақтары Фолк жанрында музыка тыңдап, керемет концерттің куәсі болды.
Фолк - заманауи рок музыка мен халықтық музыканың синтезінен шыққан жанр. АҚШ- та 1950 ж. соңында пайда болды.
Концерт барысында топ мүшелері Лесли Родригес, Justin Wade Tam, Bobby Chase, Joshua Wolak, Ben Jones тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді
Мэтью Уилсон АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі:
«Американдық музыка шетелде» жобасы бойынша жыл сайын әртүрлі елдерге саяхат жасау үшін он топ таңдалып алынады. "Humming House" Орталық Азияға жіберілген. Бұл сапардың мақсаты - мәдени алмасу, яғни, өз елінің музыкасымен таныстыру және, басқа елдердің мәдениеті мен музыкасымен танысу.
Кеше Семейдегі Абай атындағы театрда концерт қойылып, сол жерде концерттен бұрын Абайдың әнін жергілікті хормен бірге шырқады. Музыканттар домбырамен танысып, оның үнін естіді. Қонақтарды Қазақстан өзінің мейірімділігі мен қонақжайлылығымен шабыттандырады.
Байланысшы : Ж. Ашкенова ,тел.261 333, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26344626
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы