Француз әндерінің үздік орындаушылары анықталды
- Толығырақ
- Құрылды 04.04.2018 12:51
1 сәуірде 15.00-де кітапхананың мәжіліс залында 10-шы ұлттық Франкофония фестивалінің жартылай финалы өтті.
Франкофон әндерінің конкурсы "Өскемен ГЭС-і", Қазақстандағы Бельгия Елшілігі, "Ив Роше" компаниясы, "Пицца-Блюз" және "Меломан" қолдауымен өтті.
Қазылар алқасының құрамына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижер Александр Галсанов, француз тілі мұғалімі Татьяна Осипова және 9-шы ұлттық франкофондық әндер байқауының жеңімпазы Юлия Юрочкина кірді.
Қаламыздың жас таланттары француз тіліндегі ең үздік ән орындаушы атағын алып, Астанада өтетін финалға өту үшін сайысты. Бас жүлде - Францияға жолдама.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Гран-при – Дарья Шмаленко,
1 орын – Никита Дерябин,
2 орын – Демесинова Айжан,
3 орын – Елизавета Осипова алды.
Жеңімпаздар көрермендер мен әділқазыларды вокалдық таланттарымен таң қалдырды.
Сондай-ақ, мерекеде француз асханасы бейне клиптерінің аспаздық жарысы қорытындыланды. Мереке барлық қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
| |
|
|
|
|
|
Байланысшы: Маргарита Пашова 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26352295
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы