homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Қуғын-сүргін қасіреті
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Қуғын-сүргін қасіреті

31 мамырда кітапханада Қазақстандағы саяси репрессия құрбандарын еске алу күні аталып өтілді. Еске алу күні «Ұрпақтар кездесуі» форматында өтті.  Бұл  күні біз жазықсыз жапа шегіп, атылған, лагерьге  қамалған, күдікті ретінде жала жабылып, зәбір шеккен адамдар еске алынды.

Бұл ретте жеке адамдар мен отбасылар ғана емес, тұтас халық жапа шекті. Қызыл террор бүкіл ел аумағына жайылып, соның ішінде, біздің Шығыс Қазақстан елінде де кеңінен өріс алды.        

Репрессияның алғашқы толқынына «Алаш» партиясының мүшелері ілікті. Өзінің атасы мен әкесінің тағдыры жайында «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық қорының басшысы Дина Мұхамедхан онлайн әңгімеледі.

Жойқын репрессия ең білімді, қоғамды мәдени-ағарту дамуына ықпал етіп жүрген адамдарды қамтыды. 1931 жылы Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі қиылды. Ақын Павел Васильев тағдыры да аққан жұлдыздай үзілді. Кеңес үкіметіне қарсы шыққан ұйымдарға қатысушылар қатарынан «Жұмысшы» газетінің редакторы Мақсұт Тайшыбаев ілінді. «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері   Б. Н. Лапин және  М. Р. Иванусьев-Алтайский репрессияға ұшырады.

Кездесуге қатысушылар «Ерлік жолымен» («По пути мужества») Орталығының директоры, журналист Дина Игсатованың жаңа кітабымен танысты.  «Право на добрую память» - жау қолына тұтқынға түскен және хабарсыз кеткен совет солдаттарының тағдыры жайында. Тарихшылар Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлердің есімін еске қалдыру мақсатында бірнеше жыл бойы ақпарат жинақтады. Соның қатарында – біздің жерлестеріміз Сейдахмет Қабдуллин, Жәлел Нұрғазин, Сыдық Туменбаев есімдері бар.

Кездесуге қатысушылар қуғын-сүргін жылдары жайында тарихи-танымдық ақпарат ұсынатын әдебиеттер көрмесі, Алаш қайраткерлері, репрессияғва ұшыраған жазушылар мен ақындар туралы мәліметтер жинақталған «Шығыс Қазақстан: танымал есімдер» электронды дерекқорымен – http://imena.pushkinlibrary.kz, «Қайым Мұхамедханов» - http://www.kray.pushkinlibrary.kz/ru/k-mukhamedkhanovu.html библиографиялық онлайн көрсеткішпен танысты.

Сондай-ақ,  1930-1950 жылдардағы саяси репрессия құрбандары жайындағы дерекқорлар және интернет-порталдар туралы ақпарат ұсынылды:  

31 6 31 9 31 3 repressii 1 4 repressii 1 6  repressii 1 11 

 

І
Байланыс тел.:  261-333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339319
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102