«Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ғалым-өнертапқыш Альмира Жылқашынова
- Толығырақ
- Құрылды 07.09.2018 09:27
2018 жылы 12 қыркүйек күні, сағат 15.00-де кітапханада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымдық пайдаланудың Ұлттық зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Альмира Михайловна Жылқашыновамен кездесу өтеді.
Ғалым Альмира Жылқашынова қақаған аязда энергия өндіретін жел генераторын ойлап тапты. Оның жұмыстары отандық жаңашылдар тізімдемесіне енгізіліп, ал ғалымның өзі энергетикадағы жаңашылдығы үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» санатына енді.
Альмира Михайловна баламалы энергетика туралы барлық әлемдік түпдеректерді зерделеу мақсатымен, ағылшын тілін үйреніп, Ұлыбритания, Австрия, Үндістан, Германия, АҚШ елдерінде халықаралық гранттар бойынша стажировкадан өтті. Мысалы, Британ Кеңесі Ұлыбританияның жаңартылатын деректерінің зертханасынан стажировкадан өтуді ұсынды. Одан алынған тәжірибе ҚР ғылым және білім Министрлігінің отандық грантымен жұмыс кезінде пайдаланылып, біздің елімізге қатты бағыттағы желде және төмен темпаратурадағы ауа райында қандай және қандай қуаттағы жел генераторлары керектігін көрсетті.
2017 жылы А.Жылқашынова мен оның әріптестерінен құралған топтың ЖЖЭ саласындағы ғылыми жобасы Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» (Сала) ұлттық павильонында көрсету ұйымдастырылды.
50-ге жуық ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде : ҚР-ның 14 патенті (ашулар, пайдалы үлгілер мен жаңартылған патенттер), нөлеместік импакт-факторлар журналдарындағы 4 мақаласы, ҚР ҒБМ-нің білім беру мен ғылым саласындағы бақылау Комитеті кеңес берген журналдарында 13 мақаласы және халықаралық конференцияларда 25 баяндамалары, (Германия мен Қазақстанда) 4 монографиялық еңбектері жарияланған.
Кездесуге қаланың оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары шақырылады.
Байланысшы: Калиева Бакытгуль, тел. 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334631
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы