ЕЛБАСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА
- Толығырақ
- Құрылды 16.11.2018 16:19
Тұңғыш Президент Күні қарсаңында, 29 қараша күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «жанды хроника» форматында кездесу өтеді. Кездесуде Елбасының Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында жүздескен тұлғалардың әңгімелері арқылы раритеттік кадрлар көрсетіледі.
Естеліктер хронологиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Президент болып сайланған 1991 жылдан бастап, қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтыған.
Кітапхана қонақтары Президентпен кездесуден алған әсерлерімен бөліседі, олардың ішінде:
- Нұрсұлтан Әбішұлының Шығыс Қазақстанға алғашқы іс-сапары жайлы жазып, хабар таратқан журналистер;
- Президент басшылығымен қызмет атқарған қала және облыстың белгілі адамдары;
- Елбасы ат басын бұрған қала кәсіпорындары және мекемелерінің қызметкерлері;
- Ұлт Көшбасшысының ақ тілегін есту бақытына ие болған балалар.
Елбасының шешендігі, риторика өнері жайында «Говорить как Назарбаев» кітабының авторы, филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Абдуллина Люция Ильдаровна әңгімелейді.
Президентпен кездесу құрметіне ие болған автокөлік жасау зауыты және ШҚО басқа да мекеме, кәсіпорындарының мамандары да шараның сыйлы қонақтары болады. Ал Қазақстан Теңге сарайы, Қазмырыш, Үлбі металлургия зауытының мұражай қызметкерлері өз жәдігерлерін ұсынады.
Президентпен кездескен адамдардың естеліктерін Елбасының Шығыс Қазақстанға келген сәтін бейнелейтін қызықты фотосуреттер-бейнежазбалар алмаса көрсетеді. Мысалы, 2018 жылдың маусым айындағы роботтандырылған хирургия Орталығы және бекіре өсірумен айналысатын «OstFish» балық тәлімбағына жұмыс сапары.
Қатысушылардың әңгімелерін үлкен мерекелік көрме-экспозиция толықтырып, кездесуге ерекше рең береді. Мұнда Тұңғыш Президент Кітапханасының Аймақтық оқу залы топтамасынан алынған кітаптар, Ұлт Көшбасшысының облысқа іссапарларымен байланысты мерзімді басылымдарда жарияланған мақала, фото- және бейнеқұжаттар ұсынылады.
Нұрсұлтан Назарбаев біздің облысқа келген бір сапарында «Маған Шығыс Қазақстан ұнайды!» - деп ағынан жарылған болатын. Осы қарапайым сөзден еліміздің Тұңғыш Президентінің Шығыс Қазақстанмен қарым-қатынасының мән-мазмұны – ортақ жетістіктер, проблемалық ахуалдардың шешімі, мақтаныш, өзара сыйластық айқын көрініс тапқан.
Жастар мен қала жұртшылығын еліміздің заманауи тарихының жарқын белестерін еске алуға шақырамыз!
Байланысшы: Сакпанова Ж.С., тел.: 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336017
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы