Шәкәрім оқулары өз мәресіне жетті
- Толығырақ
- Құрылды 19.12.2018 15:28
2018 жылдың 14 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Рухани жаңғыру» және «Бір кітап – бір ел 2018» бағдарламаларының аясында, Шәкәрімнің 160 жасқа толуына орай, «Ұлылар ұлағаты...» атты мектеп пен колледж оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері арасында «Шәкәрім оқулары» ұйымдастырылды.
Оқудың негізгі мақсаты - қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, композиторы Шәкәрімнің мол мұрасын сайыс арқылы насихаттау. Оқырмандардың бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Шараға Өскемен қаласының Жамбыл атындағы гимназия-мектебінің , № 1, 35 мектептерінің оқушылары, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, КАСУ студенттері қатысты. Әділ қазылар кеңесінің шешімімен 13-18 жас аралығындағы топ бойынша 1 - орынды Жамбыл атындағы гимназия мектебінің оқушысы Тұрсынбек Ерасыл, 2 - орынды № 1 мектеп оқушысы Ермек Әнуәрбек, 3 – орынды № 1 мектептің оқушысы Байғазы Шалғынбек иеленсе; ал 18-25 жас аралығындағы топ бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Таңнұр Дуқай , 2 – орынды: КАСУ студенті Азат Сейлханов пен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Данара Елтайқызы иеленіп, оларға құнды сыйлықтар тапсырылды. «Шәкәрім оқуларына» белсенді қатысқаны үшін ШҚМУ студенті Айдана Болат пен № 1 мектеп оқушысы Жанғали Серікбаев марапатталды.
| |
|
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343151
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы