homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханадағы қысқы түн
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханадағы қысқы түн

Кітапханада Жаңа жылдық мереке қарсаңында 21 желтоқсан күні сағат 18.00-23.00 аралығында «Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ ШҚОФ бастамасымен «Кітапхана түні» акциясы ұйымдастырылды.

Жылдың ең ұзақ түні алдында кітапхана барлық қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Мейрам әсем би мен көбік шоуынан басталды. Кітапхана түні қонақтарға оқырман билеттерімен сыйлықтар ойнатылды. Концерттік номерлер, ұлттық костюмдермен фотосессия жасау, тағы да басқа көптеген қызықты ойындар ойнатылды.
Кішкентай оқырмандар «Кітап беттерінен қазына іздеу» танымдық ойын-саяхатына қатысып, сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Зияткерлік демалысты қалайтындар кітапхана «Кітапты кім алады?» викторинасына қатысып, латын қарпіне арналған «Spelling Bee» мини-конкурсында әріптерді дұрыс атауға, «Парасат ойыны» үстел ойындарын ойнап, «Барыс» дебат клубында пікірсайысқа қатысты.
IT-технологиялардың білімқұмар жанкүйерлері MakerSpace шеберханасында интерактивті шеберлік-сағаттарына қатысып, 3D-сканер, фрезер станогының қалай жұмыс істейтінін көріп, өз бетімен ДК жинауды үйренді.
Кітапхана түнінде қонақтарымыз қалауынша «Арт-квартал» бойымен серуендеп, портрет салдырып, сурет салып үйреніп, бардтардың авторлық әндерін тыңдап, караоке-клубта ән шырқады.
«Ауыл кеші көңілді» еркін микрофонында киіз үйде жақсы көретін әндер орындалып, өлеңдер оқылды.
Сұлу бойжеткендеріміз «Әсемдік пен денсаулық салонында» косметологтар мен визажисттерден кеңес алды..
Сонымен қатар, қонақтарға «ойталқы жаттығуларына» арналған алаң дайындалды: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ турнирлері және т.б. Қызықты оқиғаларға құмар ең батылдар өздерін «Жаңа жылдық детектив» квест-ойынында сынады.
«Мейрамдық тәттілер» кафесінде кәсіби психолог пайдалы кеңестер бере отырып, қонақтарды ыстық шай және ақысыз тортпен сыйлады.
Ал «Барлығы да Жаңа жыл туралы» кітап көрнмесінен әркім өзіне қызықты пайдалы ақпаратты таба алды. Кітапхананың «Шеберлер мектебі» пайдаланушылардың қолынан шыққан қолданбалы өнер туындылары көрмесін ұсынды. Түнгі қонақтарымызға сыйлықтар мен тосынсыйларды ұйымдастырушы ретінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы дайындады.
Жылдың ең ұзақ түні қарсаңында ұйымдастырылған кітапхана түні студенттер мен жасотандықтар, біздің тұрақты оқырмандарымыз үшін жаңа жыл алдындағы естен кетпес мейрам болды!

noch 1 1 noch 1 57 noch 1 6 noch 1 61 noch 1 52 noch 1 14

 

noch 1 8

 

noch 1 21

 

noch 1 22

 

noch 1 37

 

noch 1 30

 

noch 1 31

 

 

noch 1 49

 

 

noch 1 35

 

 

 

noch 1 44

 

 

noch 1 26

 

 

noch 1 29

 

 

noch 1 10

 Байланысшы: Жансая Ашкенова,тел.261 333, (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341119
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102