homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Шығыстың шырайын келтірген әз-ағалар
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Шығыстың шырайын келтірген әз-ағалар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 қаңтар күні сағат 15.00-де кітапханада шығыс өңірінің тұмса табиғатын, жерлестерінің ерен еңбегін жырлаған жазушы Мүсілім Құмарбеков пен талантты ақын, драматург, журналист Ғалым Байбатыровты еске алу кеші өтті.

Көзі тірі болса биылғы жылы Мүсілім Құмарбеков 80 жасқа, Ғалым Байбатыров 70 жасқа толар еді. Оқырман жүрегінен орын алған қос жазушының кітаптары, олар туралы естеліктер «Шығыстың шырайын келтірген әз-ағалар» атты көрмеден қос қаламгердің шығармашылығы Шығыс Қазақстанның мәдени өмірінің ажырамас бөлігі екенін дәлелдей түседі.

Кешке авторлардың әріптестері, журналистер, дос-жолдастары мен отбасы мүшелері келді. Кеш барысында Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ә. Қаңтарбаев мерейгер авторлар жайлы, олардың шығармашылық жетістіктері мен жеңістері туралы әңгімелеп берді.
Қос қаламгер еңбек еткен «Дидар» («Коммунизм туы») газетінің ұжымы, отбасы мүшелері қызықты естеліктермен бөліссе, дарынды балаларға арналған гимназия, лицей оқушылары шығармаларынан үзінділер оқып, өлеңдерін жатқа айттты. Әнші, облыстық театр актрисасы Майра Қаламқызы Ғ. Байбатыровтың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап кеш шырайын аша түсті.
Зиза Мұхтарханқызы: өлкетанушы-библиограф
Мүсілім Құмарбеков Алтай өңірінің табиғаты мен жан-жануарлар дүниесін, адам-пенденің табиғи ортадағы орнын, табиғат атты тылсым дүниенің алдындағы парызы мен қарызын айқындайтын шығармаларымен танымал. Ал Ғалым Байбатыров халқының арман-мүддесін шығармаларына арқау етті. Елі үшін қызмет атқарып, қаламын қару етіп мақала, пьесалар, өлең-жырлар жазумен өмір кешті. Араға он жыл салып екеуі де Журналистер Одағының мүшелігіне өтіп, түрлі әдеби конкурстар мен сыйлықтардың жеңімпазы атанды. М. Құмарбеков Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Жазушылар Одағына қабылданған алғашқы жазушы болды.

Үстіміздегі жыл Елбасы жарлығымен Жастар жылы деп аталып отыр. Өлкеміздің тарихы, әдеби дәстүрі жайлы кең мағлұмат беретін осындай танымдық кештердің жастарға берер өнегесі мол болмақ. Туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтып, патриоттық сезім ұялататын кеш оқырмандар жүрегіне жол тауып, рухани байытары анық. 

vctreca 1 1 vctreca 1 9  vctreca 1 11 vctreca 1 13 vctreca 1 14 vctreca 1 16

 

vctreca 1 10

 

vctreca 1 15

 

vctreca 1 18

 

vctreca 1 2

 

vctreca 1 4

 

vctreca 1 5

Байланыс тел.: 261 333 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26057625
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102