homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Әлемі әдемі Әмина»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Әлемі әдемі Әмина»

13 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Әлемі әдемі Әмина» атты әсем де көркем ретрофестиваль болып өтті. Фестиваль қазақ театры мен киносының аңыз тұлғасы, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген артисі, Еңбек Қызыл Ту және Отан ордендерінің иегері, Қазақстанның Халық артисі Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың 100 жылдық меретойына арналды. Өнер саңлағының мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.

Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі музыканттарының орындауындағы Әмина Өмірзақова ойнаған фильмдердің музыкалық үзінділері, әсіресе «Тақиялы періште» фильміндегі «Мама» әні ұлы актрисаны еске алуға келген жастар мен көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды.
Облыстық қызмет көрсету саласы колледжі студенттері даярлаған ретро-шаш үлгілері мен костюмдер көрсетілімі өткен ғасырдың 50-70 жылдарындағы сән стилінің қалыптасу кезеңдерін, Әмина Ерғожақызы қатысқан естен кетпес фильмдердегі костюмдер мен шаш үлгілерін көрсетті. «Түрлі ленталармен әшекейленіп жоғары орап түйілген шаш, түзу қиылған кекіл ... Мен оны әжемнің фотосуреттерінен көргенмін. Мұндай шаш үлгілері өте әдемі көрінеді, ал сол дәуірдің көйлектері заманауи болып көрінгендігі сонша, мен өзім де неге осындай көйлек тігіп кимеске деген ойға келдім!»,- деп С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Қаламқас Дәулетова өз әсерімен бөлісті.
Әмина Өмірзақова ҚР Халық артисі Досхан Жолжақсыновтың актер ретінде қалыптасу жолында маңызды роль атқарып, өнердегі жолын ашқан тәлімгері болған. Бұл жайлы актер өзінің жерлестеріне арнап жазған еске алу-бейнеролигінде тебірене отырып әңгімелейді. Келесі бір бейнежазбада ҚР Халық артисі Роза Әшірбекова Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрындағы Әмина Өмірзақова мұражайына қызықты әрі әсерлі саяхат жасады. Ұлы актрисаның бар шығармашылық ғұмыры осы театр сахнасында өткен болатын.
«Тақиялы періште» фильмінің жарқын үзінділерінің бірінен көрініс қойған «Шабыт» студенттер театрының қойылымы да көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Әмина Өмірзақова – менің кумирім. Бес жасымнан бастап ол кісінің өнеріне ғашықпын. Оның қайталанбас күлкісі, от шашқан жанары, теңдессіз жалын-екпіні мені әр сәт сахнаға шығар алдында жігерлендіріп, ерекше күш-қуат береді»,- дейді театр мүшесі Айбота Шанжин.
Әмина апамыздың түрлі фильмдерде ойнаған рольдерін қайталау – Фестивальға қатысушылар үшін үлкен сын болды және асқан ержүректілік пен батылдықты талап етті. Дегенмен, көпшілік арасынан ондай өжет, жүректілер де табылды.
«Әмина Өмірзақова – қазақ елінің ұлттық байлығы, мақтанышы. Бұл Фестиваль – ел сүйіктісі, ұлы актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған мерейтойлық салтанаттар тізбегінің тек алғашқы бастамасы. Алдағы уақытта ірі іс-шаралар жоспарлануда, соның ішінде Семей қ. республикалық театрлар Фестивалі де бар»,- дейді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асем Нусупова.

amina 1 5  amina 1 18   amina 1 19 amina 1 11 amina 1 22 amina 1 23

Байланыс тел.261 333,ішкі 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343151
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102