homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Үнің кетпес құлақтан...»: әдеби-сазды кеш
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Үнің кетпес құлақтан...»: әдеби-сазды кеш

28 наурыз күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада белгілі дәстүрлі әнші, жазушы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі, ұлттық өнердің дамуына ерен үлес қосқан дарын иесі Жәнібек Кәрменовтың 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби-сазды кеші өтеді. Қазақ өнерінің хас жүйріктерінің бірі Жәнібек Кәрменов күміс көмей, жез таңдай әнші ғана емес, тілінен маржан төгілген шешен әрі қаламы жүйрік жазушы да болған.  

Әнші 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Алғашында Алматы эстрада-цирк өнері студиясының әншілік бөлімін, кейін Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. «Өнер» баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Өнер тақырыбына арналған «Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні» атты кітаптары жарық көрді. 1984 жылы әншіге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Тағдырлы талант 1992 ж. небары 43 жасында көлік апатынан қаза болды. 1996 жылы Қарауыл ауылындағы музыка мектебіне әншінің есімі берілді.

Әдеби-сазды кеш барысында қатысушыларға әншінің сүт кенжесі журналист Шаһ-Керім Жәнібекұлының әкесі туралы сыр шерткен бейнежазбасы мен «Жәнібек Кәрменов», «Жәнібек ән салады» кітаптарының авторы, журналист Дәулет Сейсенұлының естелігінен бейнесюжет ұсынылады. Сонымен қатар, дүлдүл әншінің шәкірті, әнші, домбыра жасау шебері Амангелді Смағұлов ұстазы жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұстазының орындаған әндерін әуелете орындайды. Облысымызға белгілі дәстүрлі әншілер Әділ Тұрғанбаев, Хадхан Манай, Қуаныш Оралбекұлы,  ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің студенті Елдос Мұңғылбек халық есінде бірегей дауысымен мәңгіге сақталған өнер майталманының орындауындағы әндерді орындап, ел есіндегі әнші туралы естеліктерді бір жаңғыртады.

Ұлттық тәрбиенің өзегі, рухани құндылықтың алғашқы нәрі – өнер. Сол арқылы   ұлтының салт-дәстүрін, тілі мен музыкасын, әдебиеті мен өнерін құрметтеп, ұлттық рухты мәңгілік қастерлейтін  ұрпақ  тәрбиеленбек.

Әдеби-сазды кешке жастар, өнер жанашырлары шақырылады.

Байланысшы: Уалханова Рақия Нұралықызы. телефон: 87056647264

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340224
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102