homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: кітапханадағы ғылым мен ғарыш күні
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: кітапханадағы ғылым мен ғарыш күні

12 сәуір күні сағат  кітапханада әйгілі ғалымға арналған «Қаныш Сәтбаев: Дара жол» атты ғұмырнамалық кеш өтті. Жезқазған мысы пен Жезді марганецінің мол қорын ашқан тұңғыш қазақ-геологы, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы және кеңестік Шығыс республикаларынан шыққан КСРО ғылым Академиясының академигі атанған тұңғыш ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл.

Басқосуға Қаныш Имантайұлының немересі Александр Третьяков, ШҚО әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем қатысты. Александр Третьяков өзінің ұлы атасы туралы балалық шағынның естеліктерімен бөлісті.

Кездесу қонақтарына белгілі жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі М. Сәрсекенің Қаныш Сәтбаевқа арналған «Қазақтың Қанышы» атты жаңа кітабымен танысты. Автор ғалымның ғұмыр жолын айшықтауға жарты ғасырға жуық уақытын арнады. 17 рет басылып шыққан роман-эссенің бұл басылымы бірден қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген алғашқы кітап.

Мерекелік іс-шараға «Қазцинк» ЖШС және «TOПAЗ» геологиялық барлау компаниясы мамандары қатысып, келушілерге геологиялық барлауға арналған материалдарын ұсынды. Ал «Жас техниктер станциясы» кеш қонақтарына өздерінің бірегей минералдар мен кендер жинағын көрсетті.

 Бағдарлама аясында танымал қазақстандық зерттеушілер мен көрнекті ғалымдарға арналған  сұрақтар мен жауаптар көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция келушілерді ғалым-энциклопедист Әл-Фараби, «Мыңжылдық адамы» - Шоқан Уәлиханов, «Ғасыр адамы» - Қаныш Сәтбаев, араб алгебрасы мен геометриясы жүйесіне негізделген алғашқы математика оқулығын құрастырушы Міржақып Дулатов, «қазақстандық Циолковский» Гаврил Тиховтардың шығармашылық өмірбаянынан қызықты мәліметтермен таныстырды.
 Зоолог, қар барысы туралы кітаптың авторы, «Snow Leopard Fund» қоғамдық қорының жетекшісі, зерттеуші Логинов Олег Витальевичтің әңгімесі планетамыздың тау экожүйесінің бірегей және таңғажайып фаунасына арналды. Зерттеуші сонымен қатар, Білім орталығында фототұзақтарымен түсірілген сирек фотосуреттер жиынтығын ұсынып, және осы камераның жұмыс принципі туралы айтып берді.
Ғылым күні Балалар секторы кішкентай оқырмандарға арнап, қызықты, әрі танымдық фокустарын дайындады. Кішкентай қонақтар фокустарды үйреніп, өздері жасады.
Креативті MakerSpace шығармашылық алаңы оқушыларды күтпеген физикалық және химиялық эксперименттер зертханасында күтеді. Мұнда оқушылар инженерлiк конструкторлармен жұмыс iстеп, күрделi өнертабыстық есептерді шешуде өз күштерін сынға салды.
Кітапханадағы ғылым күнінің негізгі іс-шарасының бірі мобильді планетарийдің ашылуы болып табылады. Бұл «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясымен кітапхананың серіктестік жобасы. Жобаның мақсаты - жастардың бос уақытын қызықты әрі танымды өткізуге,әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастыруға,оқушылардың жаратылыстану ғылымы бағытындағы білімін дамытуға мүмкіндік жасап, болашақта қазақстандық ғарыш ғылымы мен жаңа технологияны дамытуға ықпал ету.

asem 1 1 catp 1 7 catp 1 9 catp 1 6 cant 1 3 cant 1 4

det 1 11  

cat 1 2

catp 1 34 det 1 7  det 1 2 snan 1 2

Байланысшы: Жансая Ашкенова 
Байланы тел.: 26-39-46

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341119
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102