homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Пушкин күні - 2019
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Пушкин күні - 2019

Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдық мерейтойына орай кітапхана алаңында орналасқан ақын ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті. Ақын рухына тағзым етіп, құрмет көрсетуге жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер мен оқушылар және ұлы ақынның шығармашылығын сүйіп оқитын өлеңсүйер қауым жиналды.

Ақын ескерткіші жанында таңертеңнен романстар ойнап, драма театр әртістері Пушкин бейнесінде, ақын шығармаларындағы кейіпкерлер образында қонақтарды қарсы алды. Іс-шараға жиналғандар Пушкин образындағы актер Евгений Пятовпен селфи жасап, суретке түсті.
Мерекелік бағдарлама «Ертіс концерт» әншісі Айдар Алтайдың орындауындағы Пушкиннің «Я помню чудное мгновенье…» өлеңіне жазылған романспен ашылды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысушыларды мерейтоймен құттықтап, ақын шығармаларында адамзатқа тән ең асыл қасиеттер тоғысқанын, сол себепті оның шығармалары жасына, дініне қарамастан әр түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіргенін айта келе, Пушкиннің «Подражания Корану»/«Құранға еліктеу» шығармасы мен ақын мұрағатынан табылғанын қазақтың Қозы Көрпеш – Баян сұлу эпостық поэмасын еске түсірді. Ақын ескерткішіне Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының атынын ықылас гүл шоғын қойды.
Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас Консулдығының өкілдері: вице-консул Николай Михайлович Тищенко мерекемен құттықтап, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мереке қарсаңында А.С. Пушкин атындағы кітапханаға балалар әдебиеті топтамасын сыйға тартты.
Сонымен қатар Дүние жүзі қазақтары Қауымдастығының ШҚО филиалының төрағасы Әскерхан Ақтай сөз алып, Пушкин мен Абайдың творчестволық үндестігі туралы әңгімелесе, ақын, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі Матвеева Наталья Семеновна мерекелік микрофонда ақынға арналған арнау өлеңін оқыды. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессоры Абдуллина Люция Ильдаровна, Славян қоғамдық бірлестігі жетекшісі Александр Андреевич Яковлев, жазушы Аубакиров Алдияр Ақылбекұлы және т.б. сөз алып, ізгі тілектерін білдірді.
А.С. Пушкин ескерткішіне гүл қою салтанатты рәсімі ақын өлеңдерін қазақ, орыс, неміс, түрік, француз, ағылшын, қытай, корей тілдерінде оқумен аяқталды.
Мереке кітапхана ішіндегі ұлы ақынға арналған әдебиеттер экспозициясы, балалар суреттері мен фотоларының көрмесі жанында жалғасын тапты. Әрбір қатысушы, оның ішінде Глубокое кенті, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, № 47, 44 мектеп, ҚАЕУ және экономика және статистика колледждері, ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжі, «В кругу друзей» клубы мүшелері мерекелік еркін микрофонға белсене қатысып, ақын туындыларын мәнерлеп оқыды.

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343806
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102